1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

Ашық аспан астындағы музей

"Шымкент" ескі қалашығы аумағында 2020 жылға дейін ашық аспан астындағы музей ашу көзделген. Осыған байланысты "Шымкент қалашығы" ескерткіштеріне

Шымкент қалашығында көне бекініс пайда болды.

Бұл ауқымды археологиялық жұмыстардың жемісі.

Реклама
Реклама

Азамат Ергешбаев - жас археолог, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ғылыми қызметкері.

Мұндай дәлелдер жетерлік.

Қазба жұмыстары ежелгі бекіністің бірнеше жерінде қатар жүргізілуде. Төбеден қараған кезде үлкен қазылған ойық көрінеді. Оның аумағы, археологтардың айтуы бойынша - шамамен 600 шаршы метр.

17-18 ғасырдағы тұрғындардың қолданған өрнекті қыш ыдысы.

Бұл ыдыс біздің қаламыздың Ұлы Жібек жолының торабында орналасқанының айқын дәлелі.

Қабаттармен төмен түскен сайын археологтар қаланың тарихын терең зерттеуде.

Қазба жұмыстары таңғы жарық түскеннен кешкі мезгілге дейін жалғасады.

Азамат Ергешбаев пен Александр Грищенко

Археологтардың тынбай еңбектенуінің арқасында көне бекіністі қалпына келтіретін күн жақын.

Мамандарға қойылған міндеттердің бірі - беткейлердің жойылуын тоқтату. Бұл өте күрделі жоба - тәжірибе жасап көрмей болмайды, себебі сазбен жұмыс жасау оңай емес.

Табылған археологиялық деректердің барлығы Шымкенттің 2200 жылдық тарихын растайды. Бұл жаңалықты тарих ғылымдарының докторы Карл Байпақов нағыз сенсация деп атауда. Үш жыл бойы жалғасатын қазіргі қазба жұмыстары қаламыздың көне тамырын анықтайды.

Археологтар бекіністің ең көне негізін іздеуде. Мамандардың есебінше алты-жеті метр тереңдікке үңілу керек.

Ал бұл - бекіністің бүкіл жерін қорғаудың басты нүктесі болған қуатты бекініс мұнарасының негізі.

Әзірше қазба жұмыстары ғалымдардың күтілуіндей болып жатыр.

Төбеден қараған кезде ежелгі бекіністің құрылысы анық көрінеді.

Азамат Ергешбаев: "Алғашқы бекініс әлі де табылады деп үміттенеміз. Өкінішке қарай, бекіністің көп бөлігінде қазір автовокзал мен теміржол ауруханасы орналасып, біржола жоғалып кеткен". Қазба жұмыстары алғашқы аязға дейін жүргізілетін болады. Шымкенттің жасын анықтау туралы мәселе болашақ үшін өте маңызды: біздің қаламыз, сондай-ақ Сайрам ЮНЕСКО-ның мәдени нысандарының тізіміне енуі мүмкін және әлемдік сәулет өнерінің ерекше ескерткіштерімен теңестірілмек.