1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

"Димаш самға". Астанада өткен "Бастау" концертінен фотобаян

Димаш Құдайбергеновтың "Астана Арена" стадионында өткен алғашқы үлкен концертіне 30 мыңдай адам жиналды. Алты елден жиналған жанкүйерлер Dears

Әншінің жанкүйерлері өздерін Dears атай бастады, ағылшын тілінен аударғанда "қымбатты" дегенді білдіреді.

Реклама
Реклама

Бұл ұранды жанкүйерлер концерт біткенше қайталады.

Димаш өз жанкүйерлеріне сөзін осыдан бастайды. Бір қызығы әншінің жанкүйерлері арасында әр жастағы адамдарды көруге болады.

Жарық cөндірілген сәтте жанкүйерлер смартфондарындағы шамдарын қосты, зал үнсіз қалған сәтте Димаш ең романтикалық әні - "Махаббат бер маған, Тағдырды" әуелете бастады.

Димаш Құдайбергеннің концертін ауада қалықтаған акробаттар, жарқын киімді бишілер, велосипедтер мен биік су бұрқақтарымен сүйемелденді.

"Қазақстанда мұндай болған емес", - дейді көрермендердің бірі. Бұған дау айту қиын.

Қытай нарығы Димаштың аты жазылған және суреті қойылған тауарға толып кетті.

Әншінің продюсері және досы Алпамыс Шаримов мұндай саудамен күресу қиын екенін айтады, өйткені, Қытайда авторлық құқық нашар дамыған.

Сондықтан Димаштың командаы бұған бөгет болуды да жоспарлап отырған жоқ, оның үстіне бұл жанкүйерлердің қуанышы.

Концертте орындалған соңғы әнді Димаш ата-анасымен бірге салды. Ал оған дейін бақытты әке мен ана жанкүйрелер аумағынында тұрып, ұлдарының жетістігіне қуанышын жасыр алмай тұрған еді.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы - Димаш Құдайбергеннің талантына бас июшілердің бірі. Министрлік әншіні Қытайдағы конкурста ғана қолдап қойған жоқ.

Оның алдында да Витебскте өткен "Славян базарында" да демеген еді. Төрт сағатқа созылған концерт түн ауа аяқталды.

"Астана Арена" сахнасында Димашпен бірге Майра Мұхамедқызы, Кристина Орбакайте, Loreen, Софи Эллис-Бекстор, Терри Линн және өзге де әншілер ән шырқады.

Фото: Тұрар Қазанғапов © Nikon d500 аппаратына түсірілді