1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

Қазақстанда ескі көліктер қалай қайта өндіріледі?

Статистика мәліметінше, зауыттарға қарағанда ескі көліктердің зияны көп. Автокөліктердің ауаны ластауымен қоса, олар қоршаған ортаны ауыр металдармен,

Ескі көліктерді қайта жөндеу туралы бұрыннан айтылып келе жатыр. 2016 жылдың қарашасында ескі көліктер қабылдана бастады. Бұл жоба тек еліміздегі көліктерді қайта жасау емес, сондай-ақ, отандық өндірушілерімізді қолдауға арналған. Ұтымды түрде айырбастаймыз. Бір жарым жылда қазақстандықтар 58 746 көлік құралдарын тапсырып, оның орнына шамамен 7,6 миллиард теңге мен 11 500 жеңілдік сертификаттарын алған. Бұл бағдарламаның басты әкімшісі - ӨКМ операторы.

Реклама
Реклама

Ескі көлікті өткізіп жаңа көлік алғысы келетіндерге тағы бір ұтымды бағдарлама пайда болды. Мұнда бастысы барлығы ӨКМ операторының талаптарына сәйкес келу керек. Жеңіл көлік үшін 315 мың теңгеге дейін алуға болады, ал жүк көлігі немесе жолаушылар көлігі үшін 650 мың теңгеге дейін алуға болады. Сондай-ақ, бұл бағдарламада сертификатты басқа адамға беріп, соның атына тіркеуге болады. Сонымен қатар, түскен бонустарға тек қазақстандық өндірушілер шығарған таза, экологиялық көліктерді алуға болаты

"Осы көлікпен біраз жыл жүрген едім, - дейді көлік жүргізушісі Айдар Мұхит ескі "Жигули" көлігін көрсетіп. - Барлық нәрсенің өз мерзімі болады. Әрине, оны жөндеп, біраз бас қатыруға болады, бірақ жөндеуден өткеннен кейін онымен не болатыны белгісіз ғой? Тасжолда істемей қалса не болады? Сондықтан оны өткізуді шештік. Менің отбасым, балаларым бар ғой. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргім келмейді". Инновациялық жоба.

Ескі көліктерді қабылдау жобасы басталған соң көліктерді қайта құрап жасайтын зауыттар пайда болатыны хабарланған еді. Зауытты Қарағандыда салу туралы шешім қабылданған болатын .Содан 2017 жылдың ақпанында құрылыс жұмыстары басталып, жарты жылдан соң Recycling Company заманауи кешен пайда болды.

Бұл жобаның өзектілігін Мемлекет басшысы да айтып өткен еді. Өткен жылдың соңында Президент зауыт басшылығына "Үздік инновациялық жоба" номинациясы бойынша марапаттап, "Алтын сапа" статуэткасын берген еді.

Зауыт 2017 жылдың шілдесінен бастап шамамен 30 мың көлікті қайта жасап шығарды.

Мысалы, техникалық сұйықтықтан пеш отынына ұқсас отын мен синтезгаз алады. Бұл жер қыртысы мен суды ластамайды.

Айта кету керек, бұл зауыт - Орталық Азиядағы алғашқы көлемді зауыт. Оның Қазақстанда жоғары сұранысқа ие болғаны қуантады: мамандардың болжамына қарағанда, 2021 жылы елімізде бір жылда 250 мың көлік пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, экологтар болашақта тыныс алудың да жеңілдейтініне сенімді.