1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

"Келер мамырда мен сізді күтемін, ата!"

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай тұңғыш рет ашық аспан астында белгілі фотограф Мақсат Шағырбаевтың "Ұлы Жеңіс

Шымкенттегі Абай саябағында ұйымдастырылған фотокөрмеге 50-ге жуық туынды қойылған.

Реклама
Реклама

Cуреттерде қанды соғыс, қасап майданнан аман жеткен ардагер жауынгерлердің боямасыз бейнесі көрсетілген.

"Мамыр - ерлікке, ұлы жауынгерлік руxқа құрметтің айы. Бұл айда көзі тірі Ұлы Отан соғысы ардагерлері шейіт кеткен қандыбалақ серіктерін қасіретпен еске алады. Сондықтан болар, жыл сайын осы мезгілде қатары сиреп бара жатқан ардагерлерді фотообъективке ілуге тырысамын. Таңнан кешке дейін ардагерлердің әр іс-қимылын бағумен боламын. Тіпті, бір ардагер ақсақалды 9 мамыр сайын үздіксіз суретке түсіріп келе жатқаныма 5 жылдай уақыт болды", - дейді фотограф Мақсат Шағырбаев.

"Қариялар азайып бара жатыр" демекші, ардагерлер де уақыт көшімен ортамыздан алыстап барады. Бірақ, тарих парақтарында өскелең ұрпаққа қалатыны Ұлы Жеңістің аңызы мен қарт майдангерлердің фото суреттері "Фотокөрмені ұйымдастыру осыдан 3 жыл бұрын ойға келген. Сәті енді түсіп отыр. Көрмені тамашалаған жұрттың ықыласы өзгеше. Ардагерлердің ұрпақтары топ ішінен іздеп келіп алғысын білдіріп маңдайымнан сүйіп жатыр", - дейді фотограф.

Автор: Н.Төкен