1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

Қысқы даланың беймәлім сұлулығы

Аяз кезінде қазақстандықтардың көбі тропикалық елде болуды армандайды. Күннің суығы, жел мен қарға қызығатын адамдар өте аз. Мұндай кезде, әсіресе,

© Тұрар Қазанғапов

Бұл Ақмола облысының Қазақстан елордасынан бір сағаттық жерде орналасқан Сарыоба деген ауылы. Бір қарағанда бұл жерде жұлдыз, қарлы белдеу мен яздан басқа ештеңе көрінбейді.

Реклама
Реклама

Дегенмен, асықпастан жан-жағыңа көз салып қарасаң ертегі әлемін елестететін қарапайым нысандарды көруге болады.

Бұл сурет түн ортасында, далада ауа температурасы 25 градус аяз болған кезде түсірілді.

Түнгі сағат үштерде бұл аймақтың аспаны ерекше жарқырайды. Осы жердегі керемет көрініске таңданып тұрып аязды да сезбей қалдым.

Суретке түсіруге деген құлшынысым одан сайын арта түсті.

Арба, қоршаулар мен мұнара жаңа бір ерекше картинаны елестетеді.

Бір нысанды бірнеше рет түсірсең де, әрқайсысы өзінше бөлек көрінеді.

© Тұрар Қазанғапов

Мына көрініс Рождество мерекесін сипаттап тұрған іспетті.

Бұл жерде барлығы ертегідегі әлемді еске түсіреді.

© Тұрар Қазанғапов

Мына суреттен Күннің шығып келе жатқан сәті елестеуі мүмкін.

Шындығында, бұл түнгі Астананың жарығы.

Ал мына жер көз алдыңа жазғы уақытты елестетеді.