1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

Қытай қазақтарының тұрмысы

Қытайда 1,5 млн-ға жуық этникалық қазақ тұрып жатыр - олардың бәрі түрлі салада еңбек етеді. Жоғары лауазымда отырғандары да бар. Tengrinews.kz

Айдын Елеусіз. Қазақ. Шыңжаңда туған. 10 жылдан бері Шанхайда тұрады. Мамандығы - инженер. Үйленген, бір ұлы бар. ©Роза Есенқұлова

Айдын болашақ жарымен Шыңжаңда танысқан. Бүгінде ерлі-зайыпты Шанхайда тұрады. Әзірше олардың өз баспанасы жоқ, пәтерді айына 800 доллар төлеп, жалдап тұрады. ©Роза Есенқұлова

Реклама
Реклама

Марс екі жаста. Оны Айдынның туысы бағып жатыр. Ата-анасы ұлдарын балабақшаға сәл кейін береміз деп отыр. ©Роза Есенқұлова

Айдын мен Гүлзат қазақ және ұйғыр дәстүрлерін ұстанады. Олар бізге ет асып, ұйғырлардың ұлттық сусыны - эткен-шай (сүтті әрі тұзды шай). ©Роза Есенқұлова

Бұл шаңырақтың дастарханынан қазақылықтың иісі аңқиды - жаңғақ, құрт-ірімшік, сүт. Ал етті Шыңжаңнан алдыртады. ©Роза Есенқұлова

Қойдың жас етін Гүлзат төрт сағат қайнатады, асқа картоп пен пияз қоспайтыны болмаса, асылған еттің біз әзірлейтін еттен айырмасы жоқ. ©Роза Есенқұлова

Айдын жылына бірнеше рет Шыңжаңға барып тұрады. Онда атқа мінеді, баласына сүт өнімдерін жегізеді, шаруа істеп, туыстарына көмектеседі. Шанхайға ет алып келеді. ©Роза Есенқұлова

Етке нан қылу үшін иленіп жатқан қамыр. ©Роза Есенқұлова

Айдынның 20 жастағы інісі фармацевт мамандығы бойынша білім алып жатыр. ©Роза Есенқұлова

©Роза Есенқұлова

Мұндай екі бөлмелі пәтерді сатып алуға әзірше қаражат жоқ, орталықта пәтерлер 600 мың доллар тұрады. ©Роза Есенқұлова

Гүлзат оқуын да оқып, үй шаруасын да жасап, бала да бағып үлгеріп жүр. ©Роза Есенқұлова

Шанхайда тұру оңай емес, Айдын ірі компанияда істейді, Гүлзат біліп алып жүр, оқуды аяқтап, жұмысқа тұрған соң тұрмысы біршама жеңілдеуі мүмкін. ©Роза Есенқұлова

©Роза Есенқұлова

Марстың домбырасы бар, бірақ ол әзірше аспапта ойнау білмейді. ©Роза Есенқұлова

Ата-анасы Марспен қазақша сөйлеседі. ©Роза Есенқұлова

©Роза Есенқұлова

©Роза Есенқұлова

Айдын мен Гүлзаттың Қазақстанға келгісі келеді, жуырда олар виза алуға құжат тапсырған, бірақ Айдын Шыңжаңда тіркелгендіктен оған виза берілген жоқ. Виза алу үшін ол Шанхайда тіркеуге тұруы керек. ©Роза Есенқұлова

Айдынның ата-анасы. ©Роза Есенқұлова

Айдынның туыстары. Ол үйде 12 ағайынды. Олардың үшеуінің ғана арнайы білімі бар, қалғандары ауыл шаруашылығымен айналысады. ©Роза Есенқұлова

Айдынның әке-шешесі өмірден өткен. ©Роза Есенқұлова

Бұл отбасы Шыңжаңда нағыз қазақы тұрмыс кешті, Наурыз бен Құрбан айтты тойлайды, мерекелерде бауырсақ пісіреді. ©Роза Есенқұлова

©Роза Есенқұлова

Гүлзат Алтайда туған. ©Роза Есенқұлова

Айдын өз білімінің Қазақстанда пайдаға асарына сенеді. Ол ағылшын, қытай, қазақ тілдерін біледі. Есеп-қисапқа жүйрік. ©Роза Есенқұлова

Дастархандарында қазақстандық кәмпиттер де бар. ©Роза Есенқұлова

Шанхайда мұсылман балаларына арналған бірнеше балабақша бар. ©Роза Есенқұлова

Марс қазақша тіл сындырып жүр. ©Роза Есенқұлова

Қазақстанда ірі зауыттардың ашылып жатқанынан хабардар Айдын біздің елге келгісі келеді. ©Роза Есенқұлова

Шанхай қазағының күнделікті жұмыс тәртібі: таңертең жұмыс пен оқу, кешкісін тіл үйірер дәмге толы дастархан. ©Роза Есенқұлова

Айдынның айтуынша, Шанхайда лайықты өмір сүру үшін отбасының табысы 2000 доллардан кем болмауы керек. ©Роза Есенқұлова

©Роза Есенқұлова

Түнгі Шанхай. Жағалау. ©Роза Есенқұлова

©Роза Есенқұлова