1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

Моңғолия несімен таңғалдырды? Шыңғыс ханның туған жерінен репортаж

Қазір заманауи туристерді таңғалдыру қиын. Олардың көбі әлемнің ең танымал курорттарын аралап, басқа экзотикалық демалыс түрін іздей бастаған.

Қазір заманауи туристерді таңғалдыру қиын. Олардың көбі әлемнің ең танымал курорттарын аралап, басқа экзотикалық демалыс түрін іздей бастаған. Бүгін сондай елдердің бірі - Моңғолия туралы баяндаймыз. 

Реклама
Реклама

Сіз теңіз жағасында жататын демалысты жақсы көрмесеңіз немесе ондайдан шаршасаңыз, жаңа ерекше жерді іздесеңіз - Моңғолияға қош келдіңіз. 

Үйде шомылатын киім мен серфингке арналған тақтайшаны қалдырып кетіңіз. Моңғолияның бас қаласы - Ұлан-Батыр әлемдегі ең суық астана. Мұнда орташа температура Цельсий шкаласы бойынша 0,4 градус нөрден төмен. Бірақ қорықпаңыз, ең бастысы ауа райы емес. 

Шынымды айтсам, қаладан мұндайды күтпеген едім, ал нақтырақ болсам, оның қандай екенін мүлде елестете алмайтынмын. Айтпақшы, бас қаланың атын қоюда танымал саяси қайраткер Тұрар Рысқұловтың қатысы бар екенін білесіз бе? Иә, оның дәл өзі қаланың атын моңғол тілінен аударғанда "қызыл батыр" дегенді білдіретін есімге ауыстыруға ұсыныс жасаған. Мына дерек қала аттарының өзгерісіне үйреніп қалған қазақстандықтар үшін қызық болуы мүмкін. Сенесіз бе, Моңғолия астанасының атын жүз жылда ешкім өзгертпеген. 

Ұлан-Батыр - қарама-қайшылықтар қаласы. Мұнда киіз үйлерден құралған қаланы көремін деп келгендер таңғалары сөзсіз. Қазір бір жарым миллион тұрғыны бар астанада құрылыс жұмыстары белсенді жүріп жатыр, онда заманауи биік ғимараттарды тұрғызу ісі қолға алынған. Алайда мұнда киіз үйлерді де көруге болады. Мысалы, біреуі заманауи ғимараттың шатырында тұр. 

Киіз үйді тапқыр кәсіпкерлер қойыпты, ол мейрамхана: шатырын ашсаң, тауға керемет көрініс ашылады.

Айтпақшы, мұнда таулар тым биік болмаса да, Алматыдағыдай күн ерте қараяды. Ұлан-Батырда ел халқының жартысына жуығы тұратынын кеш батқанда сезесің, себебі мұндағы кептелісті сөзбен айту қиын, сондықтан туристерге жаяу жүруге кеңес беремін немесе жол жүру уақытын дұрыс жоспарлау керек. 

Қаланың орталығында совет жауынгерлеріне арналған ескерткіш бар.

Монумент жақта салынып жатқан қаланың керемет көрінісін тамашалауға болады. 

Дәл осы жерде жергілікті зергерлік бұйымдарды сатып алуға болады. 

Немесе картинаға тапсырыс берсеңіз болады, суретшілер оны сол жерде теріге салып береді. 

Олар қыр адамында міндетті түрде бүркітпен түскен суреті болу керектігін айтады. Десе де, мен бұл айбарлы құстарды аяймын. 

Ұлан-Батырдың ең көрнекті жерлерінің бірі - мұндағы көптеген буддалық монастырлар мен ғибадатханалар екені сөзсіз.

Бұл моңғолдың соңғы ханы Богдо-гэгэннің сарайы. Оның құрылысы XIX ғасырдың аяғында басталған. Ұлан-Батырдың орталығындағы кешенде орналасқан, оның қысқы және жазғы сарайы бар. Ғимаратты кез келген адам көре алады. 

Ханның жазғы резиденциясы ағаштан салынған, сондықтан қазіргі уақытта үлкен сарай кешенінен тек жеті ғибадатхана сақталған.

Гидтердің айтуынша, Богдо-хан ғажайып заттарды жақсы көрген және оны бүкіл әлем бойынша жинаған екен. Ол өз сарайында Эрмитажға ұқсас көрме ұйымдастырған, бұл экспонаттар әлі күнге дейін адамдар тамашалайды. 

Сарайға тек туристер емес, сондай-ақ, қажылар да көптеп келеді екен. 

Моңғолияда буддалық қажылар үшін қызық көп екенін мойындау керек. 

Ұлан-Батырдағы басты аруақ қонған жер - Гандан ғибадатханасы. 

Бір кездері мұнда мыңдаған дін қызметкері тұрып, дұға еткен, бірақ қазіргі уақытта ғибадатханада 150 монах өмір сүреді.

Бұл күн бата ғибадатханада асқақтап тұрған атақты 26 метрлік Будда мүсіні. Ол толығымен алтынмен қапталған, 2286 асыл таспен безендірілген. 

Мүсіннің жанында дұға жасауға арналған цилиндрлер орналасқан. Қажылыққа бараған адам цилиндрді бір рет бұрсаң, бұл онда жазылған дұғаны оқығанмен тең деген сенім бар екен. 

Ғибадатханаға садақа деп ақша тастап кететін қажылар да аз емес.   

Жергілікті қарауылдың айтуынша, бұл ақша ғибадатхананың қажеттілігіне және көмекке мұқтаж адамдарға жұмсалады. 

Діннен өнерге көшейік. Әрине, Моңғолияға балет үшін барудың қажеті жоқ, алайда жергілікті дәстүрлі театр халық шығармашылығымен таныс емес адамдарды да бей-жай қалдырмайды. Қойылымнан кейінгі эмоциямды сипаттау өте қиын. Маған мұндағы бізді отырғызған әдіс ұнады. Себебі бірер минут өткеннен кейін жарық ойыны басталып, актерлерді жақын көре алғандықтан, өзіңді ханның киіз үйінде отырып, ауладағы әртістерді тамашалап отырғандай сезінесің.

Әртістер өте талантты. Өз рөлдерін тамаша орындап шықты, ұлттық көңілсіз әуен сияқты. 

Немесе салттық би. Әрине әдемі ханымның орындауындағы классикалық акробатикасыз қайда.

Айтпақшы, кімнің монументі Моңғолия астанасының ең басты алаңын безендіреді деп ойлайсыз?

Дұрыс, әрине Шыңғыс ханың. 

Оның алып өлшеміне қарамастын, бұл Шыңғыс ханның ең үлкен мүсіні емес. Ұлан-Батрдан 50 шақырымдай жерде әлемдегі ең үлкен ат мүсіні орналасқан. 250 тонналық ескерткіштің биіктігі - 40 метр. 

Аңыз бойынша, бұл жерде жас Тимуджин ұлы мемлекеттің құрылуын болжаған алтын қамшыны тапқан. 

Жергілікті экскурсоводтар бұл қамшының шамамен қандай болғанын көрсетті.

Оның жанында, бәлкім, әлемдегі ең үлкен, 7500-ші өлшем етік тұрған шығар. Мүмкін, ол бүкіл әлемді тіреп тұрған хан етігін бейнелейді.

 

Монументтің ішінде орналасқан лифтпен аттың басына шықса болады. 

Моңғол ханы қарау алаңынан осылай көрінеді. Өте керемет көрініс екеніне келісіңіз. 

Мүсіннің айналасында туристерге аласа моңғол жылқылары немесе түйемен серуендеу ұсынылады.

Моңғолияда этнотуризм тамаша дамыған және оның шынайы реңі қызығушылық танытады. Қаладан келе жатып шатқалдардың біріне тоқтағанда, бір отбасыдан тұратын шағын ауылға кезіктік. Гидтердің айтуынша, мұнда ұсталар отбасы тұрады, олардың ата-бабалары Орда хандарына қару-жарақ жасаған екен. 

Спутниктік тәрелке мен күн батареясы панеліне назар аудармаса, сол кезден бері бұл отбасының өмірінде көп нәрсе өзгермегенін түсінесің.

Барлық рөлді әдетте ұлттық киім киіп алған актерлер ойнайтын этноауылдарға қарағанда, мұнда бәрі шын мәнінде ескіше. Киіз үйлердің бірі өзінің тікелей мақсаты бойынша пайдаланылады: онда даладағы сүйектен өтетін желге қарамастан өте жылы және тіпті теледидар көрсетіп тұр. 

Киіз үй иесі қуана-қуана бізге қалуымызға ұсыныс айтты. 

Қалған екі киіз үй осы мақсатта құрылған екен. Онда ақы төлеп бірнеше күн тұруға болады. Оған тіпті ұлттық киім де кіреді. 

Сол уақытта қожайынның ұлы бізге астықты қол диірменімен қалай дұрыс жармалау керектігін көрсетті. Тағы бір дала газдалған сусыннан дәм татып тұрды. 

Шағын фотосессиядан кейін келесі хан ауылына жол тарттық. 

Аңызға сәйкес ұзақ уақыт Шыңғыс ханның ордасы тұрған жерге бардық. 

Киіз үйлердегі алтын күмбездер ондағы тұрғындарының мәртебесін көрсетеді. Өкінішке қарай, ұзақ жолдың салдарынан кешенге кіре алмадық, жабылып қалыпты. Алайда, гид бұл жер туристер арасында үлкен танымалдыққа ие екенін айтты.

Моңғолия шетелдік туристерді Шыңғыс ханның Отаны ретінде ғана емес, динозавр сүйектерінің көп бөлігі табылған ел ретінде де тартады. Сондықтан шығар, мұнда қазба қаңқаларын мұражайлар мен қазба орындарында ғана емес, сауда орталықтарында да көруге болады.

Бұл шынымен де қазба қаңқасы - дәлбедер емес. Дәл осы үшін көптеген шетелдік турист, әсіресе австралиялықтар Моңғолияға ежелгі кесірткелерді қазуға қатысу үшін барады. Ұлан-Батырдан Гоби шөліне жету, әрине, ұзақ әрі алыс, сондықтан бас қалада қалаған адам мұражайдағы ғажайып жануарлардың сүйегін көре алады.

Кейбіреуге мұражайлар қызықсыз болуы мүмкін, моңғолдар оның да шешім тапқан сияқты. Астана маңындағы ұлттық парк аумағында динозаврлардың мүсіндері орнатылған. 

Шынайы жағдайда десек болады. 

Қаланың алыстығына қарамастан, мұнда қонақ үйлер мен мейрамханалар жақсы жұмыс істеп тұр. Айтпақшы, дәстүрлі моңғол асханасы туралы айта кеткім келеді - ол өте ауыр, калориясы көп, бірақ өте дәмді. Мысалы, моңғолдардың ең басты мерекелік тағамдарының бірі - таста піскен ет.

 

Сондай-ақ, бір кесе сүт, май, тұз және ұн қосылған моңғол шайынсыз қайда кетесің. 

Асқазан үйренбеген ауыр тағамдардан қорқудың қажеті жоқ. Ұлан-Батырда түрлі мәзірі бар мейрамханалар көп. Ұлттық моңғол тағамдары көшпелілер үшін ойлап табылғанын есте сақтаған жөн, себебі қатаң климаттық жағдайларда өмір сүру үшін оларға күш-қуат қажет болды.

Әрине, сапар соңында жақындарға кәдесый алу туралы ойлайсың. Сізді бұл мәселеде бойынша мүлде проблема туындамайды деп сендіреміз. Былғары, теріден жасалған бұйымдардың түрі мұнда көп.

Сонымен қатар, моңғол кашемирі туралы ұмытпаңыз. Бағасы біз қалағандай төмен емес, бірақ тауардың сапасы мен әртүрлілігі сатып алуға тұрарлық. 

Міне, Моңғолия біз үшін осындай ғажайып және күтпеген тосын сыйларға толы болды, ал біз әлі де осы тамаша елдің көп бөлігіне келмедік. Айтпақшы, қазақстандықтар үшін биылдан бастап көшпелі экзотикамен танысу әлдеқайда оңай болды. 2 маусымда SCAT авиакомпаниясының Нұр-Султан - Ұлан-Батыр тікелей рейсі ашылды. Билеттер бағасы мен ұшу кестесі туралы толық ақпаратты осы сілтеме бойынша алуға болады.

Автор: Мирхат Ажигалиев
Аударған: Камила Долаева