Нарынқолда Бердібектің тойы өтті дүркіреп
Қонақтарды Нарынқолға жеткізу үшін 10 қазан күні Алматы мен Талдықорған қалаларынан арнайы автобустар жолға шықты... ©Нұрғиса Елеубеков
"Той дегенде қу бас домалайды". Қазақтың сөз зергерлері ой үстінде. ©Нұрғиса Елеубеков
Шарын шатқалы. Игі жақсыларды аудан активтері күтіп алды. ©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
Жазушылар қымыз ішіп, ет жеп, әлденіп алды. ©Нұрғиса Елеубеков
Тойға қаламгерлер ғана емес, бәйге аттары да асығып келеді. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Кеген асуы. Кеше ғана көк мұз боп жатқан жол жібіп, күн жыли бастады. ©Нұрғиса Елеубеков
Райымбек ауданына кіргелі әр ауылдан бізді Бердібек ағамыз "күтіп" алып отырды. ©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
Біз шекара бойындағы Сүмбе ауылына қонуға кеттік. Ал жазушылар, әншілер, жалпы зиялы қауым өкілдері Нарынқолдағы арнайы дайындалған үйлерге бөлінді. ©Нұрғиса Елеубеков
Таңғы сағат жеті. Сүмбе... Әйгілі Хан-Тәңірінің басын бұлт шалмапты. Бұл бүгінгі күннің жылы болатынының белгісі іспетті. ©Нұрғиса Елеубеков
Қойдың тойда шаруасы жоқ. ©Нұрғиса Елеубеков
Тас түскен жеріне ауыр. Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығын өткізу үшін ауыл қаншама уақыт дайындалды екен?! ©Нұрғиса Елеубеков
Той Бердібек Соқпақбаев орта мектебіндегі жазушының мұражайын тамашалаудан басталды. ©Айтжан Мырзанов
Классиктің бюсті. ©Айтжан Мырзанов
– Біреу тойға айналғанда, біреу қойға айналмасын. Есікті мықтап жауып кетейін, – деп күледі нарынқолдық жігіт. ©Нұрғиса Елеубеков
Нарынқолдағы Мәдениет үйі. Бердібектің шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференция осында өтпек. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Конференция қонақтарына жазушының екі томдық кітабы сыйға тартылды. ©Нұрғиса Елеубеков
"Халқы сүйген қаламгер" атты ғылыми-практикалық конференция. Осы конференцияның жарыссөзінде халық атынан ақын Айтақын Әбдіхалық сөз сөйлеп, Қызылшекара ауылына Бердібектің атын беруді сұрады. ©Нұрғиса Елеубеков
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин бұл өтінішті тиісті органдарға жеткізуді өз мойнына алды. ©Нұрғиса Елеубеков
Конференцияға жиналған халық. ©Нұрғиса Елеубеков
Мәдениет үйінің ішінде "Бердібектің есімін Қызылшекараға немесе Нарынқолға берелік" деп мәселе көтеріп жатқан кезде, сыртта қаламгердің үш томдығы қызу саудаланып, сатылып жатты. ©Нұрғиса Елеубеков
Қазақтың белгілі суретшілері де қарап қалмапты. ©Нұрғиса Елеубеков
– Ата, конференцияда не айтылыпты, естідіңіз бе?– Шекара бойындағы Нарынқол ауданы қайта құрылсын депті ғой. Әй бірақ қайдам, балам... ©Нұрғиса Елеубеков
Алматының алмасы тәтті екен, әке! ©Нұрғиса Елеубеков
Дастарханды да жайнатып қойыпты. ©Нұрғиса Елеубеков
Бүгінгі Қожалар күресіп жатыр. Ешкімнің Жантас болғысы келмейді. ©Нұрғиса Елеубеков
Алақай, ет пісті... ©Нұрғиса Елеубеков
– Мен білсем, ана шалдар сол баяғы тоқал туралы айтып жатқан шығар (әжелер, әрине, бұлай деген жоқ)... ©Нұрғиса Елеубеков
– Аға, басың жерге тигенше, мойыма... Тоқал қажет пе, әперем!. (аталар әрине бұлай деген жоқ). ©Нұрғиса Елеубеков
Аттыларды атты полицейлер жөнге салады. ©Нұрғиса Елеубеков
Мә, қанша киіз үй тігілген, өзі? ©Нұрғиса Елеубеков
"Менің атым - Қожада бір атқа екі ер салушы еді. Үш ер болса ғой, шіркін. ©Нұрғиса Елеубеков
– Гала-концерт болып жатыр дейді... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
– Қайдағы гала-концерт, дала-концерт қой... ©Нұрғиса Елеубеков
Соқпақбаевтің соқпағына түскен ағаларымыз... ©Нұрғиса Елеубеков
– Бәйге болады дейді. Баламен артынып, тартынып жеткенімізше, басталып кетпесін... ©Нұрғиса Елеубеков
Қызды қуды. Бетінен сүйді. Жігіттің сұлтаны-ақ екен.. ©Нұрғиса Елеубеков
Аударыспақ. ©Нұрғиса Елеубеков
Аударыспақ көкпарға айналып кетті ме? Мына жігіттің күштілігі сондай қарсыласын жалғыз қолмен көтеріп алып, аттан аудара салды. ©Нұрғиса Елеубеков
Бәйгеге тігілген темір тұлпарлар. ©Нұрғиса Елеубеков
Бәйге. ©Нұрғиса Елеубеков
Топ бәйгеде топ жарған шабандоз. ©Нұрғиса Елеубеков
Аламан бәйге басталды. ©Нұрғиса Елеубеков
"Тойдың соңынан бір естелік болсын" деп ағаларымыз суретке түсті. ©Нұрғиса Елеубеков
Қолына қалам ұстаған жас қаламгерлер Нарынқолды, дүбірлі тойды қимай қайтып бара жатыр. ©Нұрғиса Елеубеков
Қас қараймай ауылға жетіп алалық. ©Нұрғиса Елеубеков