1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Хан Қорық" жастар фестивалінің алғашқы күні

Болашақ жастарға тарихымызды дәріптеу барысындағы Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты ұйымдастырылған "Хан Қорық" фестивалі биыл Оңтүстік

Еліміздің әрбір өңірінен келген қатысушылар Шымкент қаласына жиналғаннан кейін көлік бағыты "Домалақ ана" кесенесіне қарай бағыт алды.

Реклама
Реклама

Ұлы жүз ұрпағына жақсы таныс анамыздың шын есімі Нұрила болған деседі. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі атақты Бәйдібек биге тұрмысқа шыққан. Ел ішіндегі деректерге сүйенсек, түп тегі Қара Хайдар деген кісі ең алғаш "Дихнат мама" деп атап кетсе, кейіннен ол сөз дыбыстық өзгерістерге ұшырап, "Домалақ анаға" айналған. Парсы тілінен аударғанда "Әулие ана" деген мағына білдіреді.

Кесене ішіндегі "Домалақ ананың" зираты.

Біздің экспедицияның алдында келген ниеттенушілер "Домалақ ананың" басына барып зиярат етіп, ағашқа орамал байлап кеткендерін де көзіміз шалып қалды. Соған қарағанда, маңайдағы өзге ағаштардың қасында көп жасағаны осы болады деп топшыладық. Себебі, ертеден шөл далада немесе ұзақ ғұмыр кешкен осындай өсімдіктерді киелі санаған.

"Домалақ анаға" дұға бағыштап, Бәйдібек ауданында орналасқан Ақмешіт әулие үңгіріне қарай бет алдық.

Ойық жарқабақтың ұзындығы – 254 метр, ені – 65 метр, ал биіктігі – 25 метр болады екен.

Жарқабақ саңылауларынан мезгіл-мезгіл су тамып тұрады.

Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінеді.

Үңгірдің ішінде осы бір киелі мекенге зиярат етушілерге таныстырып, дұға бағыштайтын Асқар ақсақал отырады. Талай ғасыр бұрын он мың әскер сыйған жерге бүгінде ақ маталар жайылып, тапшан қойылған екен.

Бұл үңгірге көбіне перзент көрмеген кейбір ерлі-зайыптылар, ауру адамдар ниет етіп келеді екен.

Аппақ ишан күмбезі – ХІХ ғасырдың ақырындағы архитектуралық ескерткіш. Оңтүстік Қазақстан облысы Шаян ауылында күйдірілген кірпіштен шаршы жобада салынған. Табанының аумағы – 6,7+6,6 метр, ішкі көлемі – 3,5х3,5 метр, биіктігі – 6 метр. Қабырғаларының ішкі жағына әлемнің төрт жағына бағытталған тайыздау қуыс жасалған.

Талай ғасырдан бері тұрған медресенің күмбезінде бүгінде сызаттар пайда болған. Алайда, сол дәуірдегі адамдардың жасаған дүниесі әлі күнге дейін мұрты бұзылмай сақталуда. Заманның ағымына сай әйнекпен ғимарат салуды жолға қойғам қазіргі қоғам сәулетшілері ізіне қандай мұра қалдыратынын сапасына қарап, ойлай беруге де болады.

Ғимараттың ішінде 1945 жылғы соғыстан қалған көптеген мұралар бар. Соның бірі – бас киім мен күрек және тамақ салынатын ыдыстың түпнұсқасы.

Көшпелі қазақтың көлігі саналатын ат арбаның сұлбасы. Байырғы заманда үстіне жүк тиеліп, қыстау мен жайлаудың арасында осындай керемет арбалардың іздері қалатын.

Тарихи мекеннен табылған көне құмыралар.

Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб қабірі. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден тұрады.

Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында салынған. Ал, мазар XIV ғасырда қайта жөнделген.

Арыстан баб кесенесінің оң жақ бұрышынан жоғарыға көтерілетін ағаштан жасалған саты.

ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған Сауран қаласы. Бүгінде осы бір мекенде құнды жәдігер ретінде болып қалған қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550-800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың VII-VIII ғасырларға жататынын дәлелдейді.