"Өртенген көліктер мен шағылған терезелер". Алматы көшелерінде не болып жатыр?
Алматыдағы шерулер кезінде ондаған көлік өртеніп, дүкен терезелері шағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әзірге әкімдік келтірілген шығын туралы мәлімет бере алмай отыр. Оқиға куәгерлері редакцияға қалада өртенген жеңіл көліктер мен жүк көліктерінің суреттерін жіберіп жатыр.
Алматы әкімдігі қоғамдық көліктер жұмысына қатысты да пікір білдірмеді, дегенмен тілшілеріміздің бақылауына қарағанда, автобустар мен троллейбустар жүріп жатқан жоқ.
Демонстранттардың жаңа тобы. "Алматы Арена" маңында жағдай қандай?
Белгісіз біреулер дүкендер мен банк бөлімшелерінің терезесін шаққан. Куәгерлердің айтуынша, қала орталығындағы көптеген азық-түлік дүкені жабық.
Алматының комендатурасы қалалықтарға үндеу жасады
Алматыдағы Республика алаңында жағдай қандай?
Куәгерлер сағат 13.30-да Назарбаев даңғылы мен Шевченко көшесінің қиылысында, сондай-ақ қалалық полиция бөлімшесінің маңында жарылыс дыбысын естігенін айтады.
Фото Tengrinews.kz©
Еске салайық, Алматыдағы митингілерден кейін зардап шеккендер туралы мәлімет шыққан. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген, оның 150-і жедел жәрдем және 40-ы өз өтініші бойынша.
"40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шегуші жансақтау бөлімінде, оның ішінде 4 полиция қызметкері бар. Зардап шеккендер арсында 137 полиция қызметкері және 53 тұрғын бар", - делінген хабарламада.