1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

Шетелдіктер неге Арал теңізіне келуге құмар?

Орталық Азияда туризм орталығы бола алатын жерлер аз емес. Бірі өзінің тау-тасымен, өзен, көл, ормандарымен белгілі болса, бірі көне тарихымен

Реклама
Реклама

Мойнақ қаласы, Қарақалпақстан Республикасы, Өзбекстан аумағы.

Бір кездері Мойнақ қаласы портты қала болып есептелді, бұл жерден қайықтар Арал теңізі арқылы мақта мен өзге де тауарларды тасымалдады.

Арал теңізі мен Мойнақ қаласының арасы жүз шақырымға алыстаса да, тот басқан кемелер мен қайықтар құрайтын атақты қайықтар "зираты" бұл жайтты ұмыттырмас.

Алғашында өзбек шекарасындағы қайық сынығының бөліктерін тұрғындар тасып кететін, бірақ кейіннен ашық аспан астында "Мұражай" ретінде қалдырылды.

Бұл жерді тамашалауға келетін ТМД және өзге ұлт өкілдерінің саны жыл санап артып жатыр.

Көптеген атақты шетелдік клипмейкерлер мен музыканттар шөл даланы түсірілім алаңы ретінде қолданады.

Арал теңізінің Қазақстан я Өзбекстан жеріндегі қай бөлігіне болмасын келетін туристердің діттеген мақсаты бір. Ол қайықтар "Зираты" мұражайы түнгі көрінісін көру.

QazaqGeography экспедициясының барлық мүшесі мен Tengrinews.kz фототілшісі қазақ жеріндегі тартылып қалған Арал теңізі қайықтарын көріп қайтты. Өкініше орай, Өзбекстандағы "Мұражай" көрінісіне сәйкес келмеді.

Кезінде бұл теңізде үлкен, кіші қайықтар жүзгенін елестету қиын.

Суға жету үшін мыңдаған шақырмнан өту керек

Қашықтықты бағындырған соң, жағажайдың көрінісін сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Осыған қарай, Аралдың туристік болашағы зор екендігі білінеді.

Сонымен қатар туристерге арналған киіз үйлер құрылған.

Ұзақ жолдан кейін бұл қонақ үй, таптырмайтын демалыс орны секілді. Оның бағасы адам басына бір күнге 10 доллар.

Осы жерде Америкадан келген туристерді кездестірдік.

Экспедиция Солтүстік Аралға да барды. Бұл жер суының тұздылығы Оңтүстік Аралға қарағанда аз және су асты тіршілік иелеріне қолайлы.

Солтүстік Арал, Қазақстан

Мұнда балықтардан басқа құстар да бар.

Тұщыбас шығанағындағы фламинголар.

Бүгінде Жалаңаштағы қайықтар "Зираты" түгелдей жойылған (2017 жыл, жаз), Тұщыбастағы ең жақсы сақталған Қазақстан мақтанышы торпедолов ТЛ-999 қемесі бірнеше апта бұрын жойылды. Сол маңайда өртелінген кітаптар мен өзге заттар табылды. Олардың арасында Арал теңізінің картасы болды.

Ислам қайықты тазалап жатыр.

"Дәл осы кемеге ұқсас (ТЛ-998) кемесі совет ғарыштық бағдарламаға қатысып, КСРО мен Байқоңыр бақылау орталығына бағынды. TЛ-998-нің атқарған қызметі- түсіру қондырғысының астына су асты флотын тасымалдау. Ал ТЛ-999 ғарышкерлерді аппараттан шығарып алуға жауапты болды".

Кейбір жерлерде теңізшілердің жазбалары сақталған.

Тұщыбас шығанағындағы кемелердің көп уақыт бойы сақталу себебі, кеме астында теңіз суларының кеппеуі, соның салдарынан жер жабыспақтығы мен дымқылқылдығы. Ал қазіргі таңда жердің кебуінен металл терушілер кемені бөлшектеді.

"2016 жылы ТЛ-999 кемесін көру үшін, 500 шақырымдай жаяу жүрген едік, ал 2017 жылы көлікпен жетуге мүмкіндік болды. Себебі, кемеге апарар жол жартылай құрғады. Одан ары орналасқан кемеге металл терушілер әлі жете алмайды. Бірақ өкінішке орай, оның да күні келер..." - деді саяхатшы Виталий Шуптар.

Суретте экспедиция басшысы Нұржан Алғасов пен саяхаттаушы Виталий Шуптар.

Дайындаған: Тұрар Қазанғапов