1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

Тарихи сәттің куәгерлері мен қатысушылары. Парламентте Астананың тағдыры шешілді

Парламенттің екі палатасының депутаттары министрлер мен шенеуніктердің қатысумен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын салтанатты түрде

© Тұрар Қазанғапов

Депутат Қуаныш Сұлтанов мінберден көтеріңкі көңіл-күйде түсіп келеді. Өзі жоспарлағандай сөз сөйлегеніне масаттанғандығы шығар. Ол 20 минуттай сөз сөйледі. Басқа да себеппен күлімсіреген болар, бірақ қандай жағдай болса да, біріккен отырыста көңіл-күйді іште жасырмаған ерекше бір жағдай болды.

Реклама
Реклама

Екі сағат бойындағы ең бір көп байқалған көңіл-күй Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың осындай ойға берілген кезі болғандай.

Немесе Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің отырысы.

Ал Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми осы кейіппен тыңдады.

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева болып жатқан жайттың бірін де назардан тыс қалдырмай отырды.

Жас буын саясаткерлер де салмақты болды. Суретте әділет министрі Марат Бекетаев.

Коммунист Владислав Косаревтің отырысына қарап, әріптестерінің сөзіне күмәнмен қарайтындай деп ойлап қалуға болады, алайда ол әріптестерінің ойын толықтай қолдап отыр. "1991 жылды еске алып отырмын, тәуелсіздігіміздің ақ таңы көз алдымда...", - деп еске алып отырған шығар.

"Қалай басталған еді? Кеңес Одағы құлады, елде митинг, шаруа байланыстары үзілді, мемлекет ең төменнен бастауға мәжбүр болды. Жылдар өтті, енді міне, еуразиялық құрлықта жауһардай жайнап Қазақстан Республикамыз тұр. Елімізді қазіргідей жағдайға жеткізіп, сол жауһарды жайнатқан еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты айтуға болады", - деп мәлімдеді коммунист. Косарев сөз сөйлеген әріптестері секілді елорданы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау туралы идеяны қолдады. © Шүкір Шахай

Қазақстанның бас қаласының атауын өзгерту туралы жаңалықты Астананың бұрынғы әкімі, ал қазіргі Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков осылай қабылдады.

Ал елорданың 2006-2008 жылдардағы әкімі Асқар Мамин бұл жаңалықты эмоциясыз қабылдаған сияқты.

Бас қаланың атауын өзгерту туралы ұсынысқа Астананың 2004-2006 жылдар аралығындағы әкімі Өмірзақ Шүкеев таңғала қоймаған сияқты.

Ал Иманғали Тасмағамбетовтың бұл ұсынысқа қалай қарайтыны белгісіз қалды. Бұл сурет жиыннан кейін түсірілді. Мұнда Астананың екі әкімі тұр. Тасмағамбетовтың 2008 жылы бас қала әкімі болғаны белгілі. Бұл қызметке ол Маминнің орнына келген.

Бір қызығы бұл ұсынысқа Мемлекет басшысы қалай қарайды екен? Мұнда айтылғанның барлығын Президентке кім айтып баруы мүмкін?

Бүгін негізгі баяндамашы болған Қуаныш Сұлтановтың өзі айтып барар ма екен?

Әлде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айта ма екен?

Тіпті болмаса Президенттің қызы - сенатор Дариға Назарбаеваның өзі айтар ма екен? Алайда ол Астанаға жаңа атау беру туралы пікір білдірмеді.

Тарихи отырыстан кейін Мәжіліс депутаттары бірден жұмысқа кірісіп кетті. Олардың жалпы отырысы басталды.

Мұнда парламенттегілер өздерін біршама еркін ұстағандай болды.

Олар түскі астан кейін сергек бола түскен шығар. Айтпақшы, бұл суретте Мәжілістің асханасы көрсетілген. Бұл парламенттің жалпы қызметкерлерінің тамақтанатын жері, ал депутаттар бөлек отырады.

Интернетте біреулер осы асханада тамақтың арзан екеніне таңғалып жатқан еді.

Біздің түскі асымыз 900 теңге болды.