1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

Түркістан алғашқы әуе рейсін қалай қабылдады?

Түркістан  әуежайы алғашқы рейсті қабылдады. Халықаралық әуежайға Нұр-Сұлтаннан келген Fly Arystan лоукост-тасымалдаушысының ұшағы қонды.

© tengritravel.kz

Түркістан  әуежайы алғашқы рейсті қабылдады. Халықаралық әуежайға Нұр-Сұлтаннан келген Fly Arystan лоукост-тасымалдаушысының ұшағы қонды. Tengrinews.kz тілшісі ресми тұлғалармен бірге алғашқы әуежолаушылардын қарсы алды.

Реклама
Реклама

Ұшақ 1 желтоқсанда сағат 16.00-де қонды. Жолаушылар арасында "Эйр Астана" әуекомпаниясының президенті Питер Фостер, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов, азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, БАҚ өкілдері мен блогерлер бар.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Арман Жетпісбайдың айтуынша, әуежай құрылысына 1400 адам жұмылған. Терминалдарда 130 маман қызмет етіп жатыр, бұл жаңа жұмыс орындары.

"Біздің әуежай қысқа мерзімде салынған әуежай ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енеді деген үміттеміз. Әрине, оны Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларымен салыстыруға болмайды", - дейді Арман Жетпісбай.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri Travel (@tengritravel.kz)

Жаңа рейстің жолаушылары маршрут туралы әсерін бөлісті.

"Бұрын біз Түркістанға Шымкент арқылы келетінбіз, ыңғайсыз болатын. Енді мәселе шешілді. Жаңа әуежай көптеген мүмкіндік ашады және біздің мәдени астанамызға туристер ағынын арттырады. Мен жиі ұшамын және бүгін жолақтың өте сапалы екенін, ұшақтың жақсы қонғанын байқадым, дегенмен мұнда ұшқыштың да еңбегі  бар", - дейді Асқар есімді жолаушылардың бірі.

Айта кетейік, жаңа әуежай қаладан 20 шақырым жерде орналасқан, оған 20 минутта жетуге болады.

Сондай-ақ, тур аясында қатысушылардың Отырар, Сауран, Күлтөбе қалаларына, Арыстан баба, Үкаша Ата, Домалақ ана кесенелеріне, Қарнақ ауылына, Мажратут тұт ағашына, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мұражайға, "Аппақ Ишан" сәулет кешеніне, Ақмешіт үңгіріне және басқа да көрнекті орындарға баратыны айтылады.