1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

"Үстірт құпиясы". Жерасты мешіт

Еліміздегі 25 000 көне ескерткіштің 11 мыңға жуығы Маңғыстау өңірінде орналасқан. Сол ескерткіштерді көріп, тану және еліміздің ішкі туризмін

Қапамсай шатқалдарына Күннің алғашқы сәулелері түскенде сай ішіндегі жұрт жолға сақадай сай еді. Еш қарбалассыз бірі таңғы астарын ішіп жатты, енді бірі жартастарды өздігімен зерттеуге кетті.

Реклама
Реклама

Екіншілердің жолы болды десек, қателеспеспіз. Олар бірінші күні әңгіме болған теңіз жәндігінің жартасқа жасырынған қалдығын тапты.

Бұл - ежелгі теңіз кірпісі. Қазіргі кезде Каспий теңізінде жәндіктің бұл түрі кездеспейді.

Теңіз кірпілерін тауып мәз болған жұрт сағат 9:00 болды дегенде Қапамсайдан шығып, Шақпақ ата мешітіне келіп жетті.

Шақпақ ата мешіті Түпқараған түбегінде орналасқан Батыс Қазақстандағы ең көне ескерткіштердің бірі. Ол борлы жартастар ішінен ойылып жасалған. 

Археологтардың айтуынша, мешіттің салыну уақыты IX-X ғасырларға жатады. Кей деректерде XIII ғасыр деп те көрсетіледі.

Ел аузында Әмір-Темір арнайы ұсталар әкеліп салдырған деген әңгіме де бар

Мешітпен қатар жартастарға ойылып салынған молалар бар. Бұрын бұл жерде адам сүйегі жерленбей, шашылып жатқан екен. 

Кейін жөндеу жұмыстары кезінде келген қонақтар шошымас деген оймен сүйектердің беті таспен жабылған. Ғалымдар мұндай жерлеу рәсімін зороастризм дінімен байланыстырады.

Мешітке кірер тұста шырақ жағуға арналған тастар қойылған.

Мұнда келушілер осында отырып мінәжат ете алады.

Мешіт ішінде Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистері, құран сүрелерінің аяттары мен осы мешітте дәріс алған адамдардың аттары түскен жүз елуден аса эпиграфикалық жазу бар.

Мешіт дүниенің әр бұрышына бағытталған төрт бөлмеге бөлінген. Бөлмелер шектесетін ортада үлкен төрт баған тұр.

Олардың төбесінде киіз үйдің шаңырағы тәрізді ортасы тесік күмбез бар.

Сол арқылы мешіт ішіне жарық түсіп тұрады.

Сондай-ақ, артқы есік арқылы мешіт салынған жартастың үстіне шығуға да болады.

Жартас төбесінен айнала айқын көрінеді.

Бұл маңнан бірінші кезекте мешіт етегіндегі ерте түрікмен дәуірі мен кейінгі қазақ дәуіріне жататын молалар көзге түседі.

Шақпақ ата мешітінен әсерленіп шыққан экспедиция мүшелері Торышқа қарай жол тартты.

Бұл - табиғатынан ерекше жаратылған шар тәріздес домалақ тастар алқабы.

Бірі алақанға сыятын, бірі адам бойынан асатын тастар бір-екеумен шектелмейді, ұзындығы 60 шақырым жерде шашылып жатыр.

Олардың кейпі әртүрлі.

Экспедиция мүшелері оларды жат планеталықтардың кемесіне, жұмыртқаға, саңырауқұлаққа ұқсатып жатты.

Ғылым тілінде "конкреция" деп аталатын тастардың пайда болуына қатысты ғалымдардың нақты жауабы жоқ. Дегенмен болжамдар бар.

Сол болжамдардың бірі бойынша, бұл тастардың алдымен өзегі қалыптасып, кейін соның маңына түрлі жыныстар қабат-қабат болып жиналған делінеді. 

Айтылған болжамға "қабығы" түсіп қалған мына тас басымдылық бере алады.

Ғылыми болжамдардан бөлек, Торыш алқабына қатысты ел арасына тараған аңыздар да бар. 

Солардың бірінде Ерсары атты алып жайлы айтылады. Шашылып жатқан тастар сол Ерсарының қалтасынан түсіп қалған оқтары деседі жұрт.

Өкініштісі, бұл мекен әлі күнге дейін өзінің лайықты бағасын ала алмай келеді. Шетелдік туристер тұрмақ, мұндай ғажап тастардың барын еліміздің тұрғындары да біле бермейді.

Бір жағынан ары-бері еш уайымсыз жорғалаған жәндіктерге қарап, бұлай болуы да дұрыс шығар деген ойға келесің.

Торышқа келушілер көп болса, мына кесіртке дәл осылай Күнге қыздырынып жатар ма еді? Ол енді мүлде басқа әңгіме...

Маңғыстаудың мақтанышы саналатын бұл тауға қатысты да аңыз аз емес. Солардың бірнешеуі Шерқала атауына қатысты.

Бағзы заманда түрікмендер мен ноғайлар арасында үлкен соғыс болған деседі. Жауынан жеңіліп, шегінуге мәжбүр болған түрікмендер осы бір таудың басын паналаған екен. Не азығы жоқ, не суы жоқ, бәрібір төмен түседі деген оймен ноғайлар тау етегінде торуылдап жата беріпті. Қанша уақыт өтсе де түрікмендер төмен түспепті. Оған таңданған ноғайлар тау басына тыңшы жіберіп, мәселені анықтаса, түрікмендер сонау төбед

Бір қызығы, таудың солтүстік бөлігінде 2-3 жерде үңгір бар. Бірақ олар аса терең емес. Ал төбесіне түсіп көрген адамдар құдық ізін көрмегендерін айтады.

Қалай болғанда да, мұнда үлкен тарихи оқиғалар болғаны анық. Оған таудың оңтүстігінде тұрған қала орны дәлел бола алады.

Шамамен, 20 гектар жерді алып жатқан бұл қаланың атауы -Қызылқала.

Ол Шерқаладан 2 шақырым жердегі Ақмыш атты шұраттың маңында орналасқан.

Тәуелсіздік алғалы қала орнында 4 рет археологиялық жұмыстар жүргізілген. Алайда нысан әлі де толық зерттелмеді.

Зерттеушілер бұл араб-парсы деректерінде жазылған көне Маңғышлақ қаласы болуы мүмкін деген болжам айтуда.

Әзірге бұл - алдын ала айтылған жорамал ғана. Нақты деректер толыққанды археологиялық жұмыстар жүргізілгенде ғана анықталмақ.

Қызылқаладан шыққаннан кейін күні бойы миларын біраз ақпаратпен толтырған экспедиция мүшелері кеш батпай бүгінгі түнді өткізетін тұрақ іздеуге кірісті. Ол тұрақ Шерқаладан бес шақырым жерде тұрған Айрақты тауының етегінен табылды.

Шатырлар тігіліп, кешкі ас ішілгеннен кейін жымыңдаған жұлдыздарға қарап отырып, жұрт "Айрақты" атауының қайдан және қалай шыққанына қатысты сөз таластырып, жұмбақ сөздің мағынасын таппай әбігерге түсті. Үдеген дауға нүкте қояр жалғыз адам бұл уақытта қалың ұйқыда жатқан еді. Көпшілік оны оятуға қимай, таңды күтуді ұйғарды. "Nomad Explorer" ұйымдастырған "Үстірт құпиясы" экспедициясының екінші күні осылай аяқталды.