Вашингтонның архитектурасы мен мұражайларына саяхат
Вашингтон монументі
ІІ дүниежүзілік соғыс мемориалы
Мен аралап жүрген АҚШ-тың астанасы Вашингтон архитектурасы мен мұражайлары Американың бүкіл өткен тарихын алақандандағыдай алдыңа салып береді.Бір кездегі англо-саксондық тарих пен өмір сүру салты бірнеше жүз жылдан соң мультимәдениеттің өзгеше үлгісіне айналып шыға келген.
Вашингтонды парктер қаласы деп бекер атамаған болар, себебі қай бұрышына барсаңыз да парк алдыңызда шығады, горизонталь орналасқан көшелердің қиылысқан тұсындағы шағын айналма жолдың нақ ортасынан тұлпар мінген бұрынғы қолбасшылардың мүсіні қасқайып қарсы алады.
Эльба өзенінің бойында Кеңестер Одағы мен АҚШ әскерлерінің кездескені бейнеленген тақта
Мемориалдағы қарама-қарсы екі арка американ әскерлерінің Тынық пен Атлант мұхитындағы жеңісін бейнелейді.
Венокпен көмкерілген әр колоннаға АҚШ-тың әрбір штатының аты жазылған.
Вашингтон қаласының орталығындағы Ұлттық саябақ (National Mall ) деп аталатын сан алуан ескерткіштер мен мұражайлар кешенінің аумағы бірнеше шақырымға созылып жатыр. Жаяу адам оны 1-2 күнде аралап шыға алмайды.
Ұшақпен келе жатқан кезде Ұлттық саябақтың кіндігіндегі Вашингонның мұнаралы монументі көзіңізге бірден ұшырайды. Архитектор Роберт Миллстің жобасымен жасалған Вашингтон монументі мәрмәр таспен қапталып өрілген, биіктігі 169 метр. 2011 жылы тамыз айында болған жер сілкінісінен кейін жарықшақтар пайда болған соң келушілер үшін бұл монументті жауып тастады, тек сыртынан тамашалауға болады.
«Үш солдат» ескерткіші
Вьетнам соғысы ардагерлерінің мемориалының қабырғасы
Бұл қабырғада Оңтүстік-Шығыс Азия соғыстарында қаза болған немесе хабарсыз кеткен АҚШ әскерлерінің есімдері жазылған
Мені National Mall аумағының өте үлкендігі таң қалдырды. Төбеден қарасаңыз крест үлгісінде көрінеді, ортасында Вашингтон монументі болса, төрт бұрышын Ақ үй, Капитолий, Томас Джефферсон мемориалы мен Авраам Линкольн мемориалы түйіндеп тұр.
АҚШ-тың 16-шы президенті болған Авраам Линкольн мемориалы
Туристер өте көп келеді екен.
Вашингтон монументінен Капитолийге дейін аралықта Холокост, табиғи тарих мұражайы, Аэрокосмикалық мұражайы, америкалық үндістер мұражайы, Африкалық өнер мұражайы, Өнер ұлттық галереясы, «Ньюзеум» журналистика мен жаңалықтар мұражайы қаз-қатар орналасқан.
Маған ұлттық саябақты жалпы шолып, табиғи тарих мұражайы мен екінші дүние жүзілік соғыс саябағын аралаудың сәті түсті. Айта кетейік, Вашингтонның мұражайлары тегін, жыл бойына дерлік демалыссыз жұмыс істейді. Барак Обама отыратын Ақ үйдің туристерге арналған бөлігін аралау үшін 3 ай бұрын тіркелу керек екен.
Мен бас сұққан табиғи тарих мұражайында 126 миллионнан астам өсімдіктердің, жануарлардың, метеоритеттердің, археологиялық қазбалардың үлгілері жинақталған.
Бұл мұражайда 30 миллион жәндік, 4,5 миллион өсімдік, 7 миллион балық түрі сұйықтық толтырылған банкілерде сақталған.
Миллиондаған жыл бұрынғы Жер тарихы туралы жәдігерлер сөйлейді.
Бұл мұражайға жылына шамамен 7 миллиондай адам келеді екен.
Мұражайдың ішінде коллекцияларды өңдеп, реконструкциялап жатқан қызметкерлердің жұмысын терезе арқылы бақылауға болады.
Ұзындығы 30 метрден асатын динозаврларды суретке түсіру оңай болмады.
Көк бөрі
Аң патшасы - арыстан
Акуланың ауызы осындай болған.