31 қаңтар 2022 14:05

AirPods-та жаңа функция пайда болуы мүмкін

Иллюстрациялық фото: pexels.com

АҚШ патенттер және сауда белгілері кеңсесі мәліметінше, Apple компаниясы iPhone құрылғысының құлпын ашуға мүмкіндік беретін AirPods-тың жаңа мүмкіндігін патенттеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Patently Apple-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ патенттер және сауда белгілері кеңсесі мәліметінше, Apple компаниясы iPhone құрылғысының құлпын ашуға мүмкіндік беретін AirPods-тың жаңа мүмкіндігін патенттеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Patently Apple-ға сілтеме жасап.

Apple компаниясы патенттік өтінімінде iPhone телефонымен жұптастырылған құлаққаптар пайдаланушы мен электрон құрылғы арасында пайдалы интерфейсті қамтамасыз ете алатынын атап өтеді. Жалпы, құлаққапты басқа құрылғыдан аудио тыңдау және құлаққап арқылы телефонға дауыстық командалар беру сияқты басқа да әртүрлі функцияны орындау үшін пайдалануға болады.

Биометрикада сенсорлық және бет идентификаторы және әр құлақтың бірегей биометриялық өлшемдері бар. Осылайша, AirPods гарнитурасы пайдаланушы құлағының сипаттамаларын сақтай алады.

Реклама
Реклама

Басылым мәліметінше, егер қолданушы құлағына басқа адамның құлаққаптарын салса, жүйе оған кіруге тыйым салады. Сарапшылар жүйенің сенімділігі дәлелденсе, оны Apple гаджеттерінің құлпын ашу үшін пайдалануға болатынын түсіндірді.

Бұл пайдаланушыны аутентификациялаудың жалғыз жолы емес екені айтылды. Сондай-ақ, құжатта құрылғы қозғалыс және жүру деректерін пайдаланатын опцияны сипаттайды және дауыс тану технологиясын да қолдануға болатыны айтылды.

Бұған дейін инсайдерлер жаңа AirPods фотосын көрсеткен болатын. Жаңа AirPods тұсаукесері, көктемгі жаңа өнімдерді ұсыну кезіне бекітілген болатын, бірақ компания шығаруды әлі де баяулатып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram