Алматылықтар табиғаттың ластануы жайында телефон қосымшасы арқылы хабарлай алады

Алматы ?аласы Таби?и ресурстар ж?не таби?атты пайдалануды реттеу бас?армасы республикалы? PosadiDerevo.kz ?о?амды? бірлестігімен бірге экологияны? ластануына ба?ылау жасайтын Solve it жобасын іске ?осты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы республикалық PosadiDerevo.kz қоғамдық бірлестігімен бірге экологияның ластануына бақылау жасайтын Solve it жобасын іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телефон қосымшасы арқылы суреттер жіберіп, ағаштардың заңсыз кесілуі, жапырақтардың немесе қоқыстардың өртенуіне пікір қалдыруға болады. Осы ластанулар жайлы ақпарат қосымшада сақталып, әр тұрғын оны қалпына келтіру жұмыстарының қай деңгейде өтіп жатқанын көре алады.

Реклама
Реклама

"Жобаның мақсаты - экологиялық ластануларды анықтауда азаматтардың үлесін арттыру. Бұл азаматтық белсенділікті жоғарылатуға әкеледі. Біз бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілу барысы туралы ақпарат беріп отырамыз", - деді жоба ұйымдастырушысы.

Айта кетейік, жоба жекеменшік инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Ол жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді. Қосымшаны iOS жүйесі үшін мына жерден, Android үшін мына жерден жүктеп алуға болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама