05 маусым 2019 13:16

Apple iTunes-тен бас тартты

© Time Magazine

Apple жаңартылған OS X 10.15 Catalina деп аталатын жаңа операциялық жүйесін таныстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple жаңартылған OS X 10.15 Catalina деп аталатын жаңа операциялық жүйесін таныстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Жаңартылған операциялық жүйеде 18 жыл бойы "айфонның" ажырамас бөлігі болған iTunes-ке орын табылмады. Оның орнына үш бірдей жаңа қосымша қолданысқа енгізіледі.

Реклама
Реклама

ОС Catalina жүйесіне жаңадан Apple Podcasts, Apple Music және Apple TV атты үш қосымша енгізілген. Сондай-ақ енді Apple гаджеттерінің иелері Sidecar қосымшасы арқылы iPad-ты компьютерге қосышма монитор ретінде қолдана алады.

iTunes қосымшасы біраз уақыттан бері Apple гаджеттерінің иелері үшін маңызды болып келген. Оның көмегімен iPhone-ға компьютерден музыкалар, фильмдер, видеолар жүктеуге болатын еді. Бұдан бөлек қосымшада iTunes Store дүкенінен түрлі музыкаларды сатып алуға болатын.

Еске салайық, жақында Apple компаниясы Forbes жариялаған ең қымбат брендтер рейтингіде көш бастады. Сарапшылар америкалық корпорацияның құнын 205,5 миллион долларға бағалаған. Бір жыл ішінде бренд бағасы 12 пайызға өскен. Сондай-ақ, алғаш рет 200 миллион доллардан асып отыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram