Apple жаңа iPad планшетін наурыз айында таныстырады

Apple жаңа iPad планшетін наурыз айында таныстырады © REUTERS

Apple жаңа iPad планшетін наурыз айының екінші жартысында таныстырады, - деп хабарлайды Вести. Hi-tech. Ақпарат құралдарының мәліметінше, жаңа модель Air 3 деп аталады.

Болжам бойынша, гаджеттің экраны 9,7 дюйм болады. Айта кетейік, Apple iPad гаджетін соңғы рет 2014 жылы жаңартып, Air 2 моделін сол жылы қазан айында таныстырған болатын. Кейін компания iPad Pro-ны шығарды. Жаңа орташа форматты планшет сыртқы келбеті жағынан алдыңғылардан қатты ерекшеленбейді деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, iPad Air 3 планшетінде камера маңына жарқылдақ пен төрт динамика орналастырылады деген де болжам бар.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама