17 қыркүйек 2021 | 12:52

Apple және Google "Навальный" қосымшасын өшірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Apple және Google ресейлік билік талаптарын орындап, "Навальный" қосымшасын App Store мен Google Play-ден өшірді. Бұл туралы "Команда Навального" Telegram-арнасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Apple және Google ресейлік билік талаптарын орындап, "Навальный" қосымшасын App Store мен Google Play-ден өшірді. Бұл туралы "Команда Навального" Telegram-арнасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қосымша 17 қыркүйекте таңертең өшірілген. Бұл күні Ресейде Мемлекеттік думаға, сондай-ақ аймақтық және муниципал билікке үш күндік дауыс беру басталған еді.

"Бүгін Ресей уақытымен таңғы сағат 8-де Google да, Apple де "Навальный" қосымшасын алып тастады. Яғни, олар Кремльдің бопсалауына бой алдырды", - деп жазды ресейлік оппозициялық саясаткер командасының мүшелері.

Реклама
Реклама

Навальныйдың жақтастары ресейлік саясатты бақылайтындардың бәрін Google және Apple корпоративтік арналарына жағдай туралы өз пікірін жазуға шақырды.

10 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қор мен ресейлік оппозиционердің штаб-желісі Ресейде экстремистік ұйым деп танылған болатын. Олар жойылды. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қор" коммерциялық емес ұйымының мүлкі Ресей Федерациясының меншігіне өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная