ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 ақпан 2020 14:01
Apple коронавирусқа байланысты iPhone сатылымын шектейді
Apple компаниясы Қытайдағы коронавирустың жаңа түріне байланысты iPhone сатылымын шектейді. Бұл туралы компанияның сайтында айтылады, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Компания өкілдерінің айтуынша, вирустың таралуына байланысты Қытайда Apple өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың жұмысында қиындықтар туып жатыр. Нәтижесінде смартфондарың шығарылымы да шектеледі дейді.
Сондай-ақ, олар Қытайда Apple өнімдеріне деген сұраныстың төмендегенін айтады.
"Бізге қазір ең бастысы - қызметкерлеріміздің, клиенттеріміздің, серіктестеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі", - делінген компанияның сайтында.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу