Apple құлаққап өндірісін қысқартады - БАҚ

viewings icon 1017
фото: pexels.com фото: pexels.com

Apple компаниясы AirPods құлаққаптарының өндірісін қысқартады, бұл сатылымның төмендеуіне байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Techbeezer сайтына сілтеме жасап.

Apple компаниясы AirPods құлаққаптарының өндірісін қысқартады, бұл сатылымның төмендеуіне байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Techbeezer сайтына сілтеме жасап.

Басылым дереккөздеріне сүйенсек, компания өндірісті 25-40 пайызға қысқартып, 2021 жылы шамамен 75-85 миллион AirPods сатуды жоспарлап отыр. Бастапқыда кем дегенде 110 миллион құрылғыны ел-елге жөнелту ойда болған. Бұл шешім арзан аналогтардың көбеюінен құлаққап сатылымының төмендеуіне байланысты екені жазылды.

Apple сарапшысы Минг-Чи Куо өндіріс қарқыны үшінші тоқсанның басына қарай төмендейтінін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Есепте қандай AirPods өндірісі қысқаратыны көрсетілмеген. Қазір Apple-де AirPods Pro, сымсыз қуаттағышы бар стандарт AirPods-тың екінші буыны және AirPods Max құлаққаптары бар.

Бұған дейін инсайдерлер AirPods құлаққаптарының үшінші буынының суреттерін көрсеткен болатын. Жаңа AirPods премьерасы алдыңғы аптада өнімдердің көктемгі тұсаукесері кезінде өтуі керек еді, бірақ компания оларды шығаруға әлі асығар емес. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная