Apple мен Google патент үшін соттаспайтын болды

Фото: pcmweb.nl

 Бірін бірі патентке қатысты заңымызды бұзды деп айыптаған технологиялық алыптар Apple мен Google соттаспай-ақ бір келісімге келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz  BBC Russian-ға сілтеме жасай отырып. 

Смартфондар мен планшеттік компьютерлер әлемдік нарығындағы бәсекелестер патенттік жүйенің реформасын қалыптастыруға бірлесіп жұмыс істейтіндерін хабарлады. Олардың арасындағы келісім Apple мен Google-ге бір-бірінің технологиясын қолданбауға мүмкіндік береді. 

Басылымдарда жазылғандай,  Apple және Google өндірген Android операциялық жүйесі базасында басқа да телефондар шығаратын компаниялар бірін бірі патенттерін бұзды деп айыптап, әлем бойынша бір-біріне қарсы ондаған арыздар жазған. 

Реклама
Реклама

Сәуір айының басында Калифорния соты Samsung корпарациясын 2 бірдей патентті бұзғаны үшін  Apple-ге 120 миллион доллар төлеуге міндеттеген болатын.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама