21 қазан 2022 11:54

Астаналықтарда автобустар қозғалысын бақылайтын қосымша пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/cts_kz

City Transportation Systems Астана тұрғындары үшін нақты уақыт режимінде қалалық автобустар қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін жаңа мобильді қосымшаны іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

City Transportation Systems Астана тұрғындары үшін нақты уақыт режимінде қалалық автобустар қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін жаңа мобильді қосымшаны іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қоғамдық көлік жолаушыларына, тұрақты жалға алушыларға және велосипед пайдаланушыларына арналған жаңа CTS мобильді қосымшасын іске қостық. Қолданба Transcard, CTS Parking қызметтерін және velobike.kz сайтын біріктіреді.

Жаңа CTS мобильді қосымшасы көмегімен пайдаланушылар Astrabus, 2ГИС және "Яндекс.Карты" қосымшаларына балама ретінде нақты уақыт режимінде бағыттарды бақылай алады. Сондай-ақ, банк картасы арқылы QR кодпен жол жүру ақысын ыңғайлы түрде төлей алады. Ол үшін картаны қосымшаға тіркеу жеткілікті", - деді компания өкілдері.

Жаңа қосымшаны пайдаланушылар көлік картасын тіркеу және толықтыру, балансты аудару, жол жүру тарихын қарау қызметтеріне де қолжеткізе алады. Сондай-ақ, кассалар мен көлік картасын толтыру пункттері орналасқан жерлерді көруге болады.

Реклама
Реклама

CTS мобильді қосымшасын Google Play және App Store интернет-дүкендерінде тегін жүктеп алуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады