ASUS шығарған iPhone X "егізінің" суреттері Желіде жарияланды

© DeviceBox.ru

Желіде ASUS компаниясыны? Zenfone 5 жа?а смартфоныны? ал?аш?ы суреттері пайда болды, деп хабарлады life.ru порталы.

Желіде ASUS компаниясының Zenfone 5 жаңа смартфонының алғашқы суреттері пайда болды, деп хабарлады life.ru порталы.

Порталдың хабарлауынша, жаңа смартфонның дизайны iPhone X дизайнына ұқсас және оның да жиектемесі болмайды.

"ASUS жаңа өнімінің техникалық сипаттамасының толық тізімі әлі жарияланған жоқ. Алайда, гаджет экранының пішіні 18:9 болатыны анықталды. Сонымен қатар, akket сайтында Qualcomm процессоры және Zenfone 5 қолданушы интерфейсінің жаңа нұсқасы жайында айтылады", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Zenfone 5 ресми түрде MWC 2018 көрмесінде таныстырылады, ол Барселонада 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама