Біз үстел компьютерлерінен бас тартпаймыз - Apple басшысы

© gigaom.com

Со??ы кезде Apple компьютерлері жа?артылмай кеткендігіне байланысты (?ара цилиндр т?ріндегі MacPro 2013 жылы шы??ан) к?пшілік компания ?шін iPhone басты табыс?а айналып, ?згеге к??іл б?лмей отыр деген пікірге келді. Дегенмен, Apple басшысы Тим Кук компьютер шы?арудан бас тарпайтынды?ын жеткізді, - деп жазады Hitech.vesti.ru басылымы.

Соңғы кезде Apple компьютерлері жаңартылмай кеткендігіне байланысты (қара цилиндр түріндегі MacPro 2013 жылы шыққан) көпшілік компания үшін iPhone басты табысқа айналып, өзгеге көңіл бөлмей отыр деген пікірге келді. Дегенмен, Apple басшысы Тим Кук компьютер шығарудан бас тарпайтындығын жеткізді, - деп жазады Hitech.vesti.ru басылымы.

"Кейбір БАҚ бізді десктоп шығаруды жалғастырмауымыз мүмкін деген мәселені көтерді. Егер біздің командадан да біреулер бұл жайтқа күмәнмен қараса, мен анығын айтайын: біздің жоспарымызда тамаша дербес компьютерлер бар. Бұған ешкім алаңдамасын", - деп жазыпты Кук қызметкерлерге арналған форумда.

Жұмыс деңгейінің жоғарлығына, экран көлемі, жады мен жинақтаушы көлемі және бірқатар сымды интерфейстерге байланысты десктоп компьютерлер "адамдар үшін өте маңызды" екенін айта кетті компания басшысы.

Реклама
Реклама

Бірақ Тим Куктың сөзінен компанияның нақты қай компьютер түрін (iMac, Mac Pro немесе Mac mini) жақсартпағы түсініксіз қалып отыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама