ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 наурыз 2022 17:41
Енді "Қазақстан" деп көрсетіледі. Министр көпшілікті алаңдатқан мәселе шешілгенін айтты
Енді iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдарда "+77" және "+76" халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар "Қазақстан" деп көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-парақшасында айтты.
"Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік - енді "+77" және "+76" халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар "Қазақстан" деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді", - деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу