ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2022 | 10:00
Хакерлер WhatsApp-ты қолданушылардың жеке деректерін алуы мүмкін - Дуров
"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров қолданушыларға WhatsApp-ты өшіруге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров қолданушыларға WhatsApp-ты өшіруге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дуров Telegram-арнасында WhatsApp хакерлерге қолданушылардың телефонындағы барлық дерегін алуға мүмкіндік беретінін айтты.
"Хакерге телефоныңызды бұзып алу үшін видео жіберсе немесе WhatsApp-та сізге видеоқоңырау шалса болғаны. (...) Дәл осындай мәселе WhatsApp-та 2018 жылы, содан кейін тағы 2019 жылы, тағы 2020 жылы болған. Иә, бұған дейін 2017 жылы да болды. 2016 жылға дейін WhatsApp-та шифрлау мүлде болған жоқ. Жыл сайын WhatsApp-та қолданушылардың барлық құрылғысына қауіп төндіретін қандай да бір мәселе туындағанын естіп жатамыз. Бұл қауіпсіздік жүйесінде жаңа ақау бар екенін білдіреді", - деп жазды Дуров.
Ол адамдарды Telegram-ға ауысуға итермелемейтінін түсіндірді.
"Өзіңізге ұнайтын кез келген хабар алмасу қолданбасын пайдалана аласыз, бірақ WhatsApp-тан аулақ болыңыз, ол 13 жыл бойы бақылау құралы болды. (...) Оны орнатсаңыз, телефоныңызды бұзып алу қиынға соқпайды", - деді Дуров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также