15 ақпан 2021 | 15:11

iPhone 13-те көптен күткен функция пайда болады - дереккөз

© REUTERS

Дереккөз iPhone 13-те қандай функциялар пайда болатынын айтты, - деп хабарлайды Apple Insider.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дереккөз iPhone 13-те қандай функциялар пайда болатынын айтты, - деп хабарлайды Apple Insider.

Танымал блогер EverythingApplePro Макс Вайнбах инсайдерден алған эксклюзив ақпаратты бөлісті. Оның мәліметінше, iPhone 13-тегі маңызды функциялардың бірі үнемі қосылып  тұратын экран (Samsung-тегі Always-On Display аналогы). Осылайша дисплейде сағат, қуат индикаторы және түрлі хабарлама тұрады. 

Инсайдер мәліметінше, iPhone 13 дисплейлерінің кадр жиілігі 120 герц болады. iPhone 12-де компания бұл функциядан бас тартқан болатын, себебі ол үшін қуат көп кетеді, ал iPhone 13 дисплейі энергия үнемдейді, ол LTPO технологиясы бойынша жасалады. Сонымен қатар, iPhone 13 экранының жоғарғы жағы кішірек болатыны хабарланды. 

Реклама
Реклама

Дереккөз мәліметінше, смартфонның артқы панелі де жақсарады. Инсайдер Pro нұсқасында телефонды ұстау жеңіл болуы үшін құрылымды және берік болады деп санайды. Сондай-ақ, жаңа смартфонда автоматты астрофотография режимі және портреттік бейненің жаңа режимі болуы мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная