iPhone 8 қашан шығатыны белгілі болды

© TechnoBuffalo

iPhone 8 cмартфоны биыл ?ырк?йек айында таныстырылады, алайда сарапшы Брайан Уайт оны? сатылым?а кейін шы?атынын айтады, - деп хабарлайды "Вести Hi-Tech" MacRumors басылымына сілтеме жасап.

iPhone 8 cмартфоны биыл қыркүйек айында таныстырылады, алайда сарапшы Брайан Уайт оның сатылымға кейін шығатынын айтады, - деп хабарлайды "Вести Hi-Tech" MacRumors басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жаңа смартфондардың сатылымға кейінірек шығуына қолданушылардың бет келпетін тани алатын 3D-камера технологиясының кейбір қиындықтары себеп болып тұр. Сарапшының айтуынша, 5,8 дюйм iPhone cмартфондарына, сондай-ақ, 4,7 және 5,5 дюйм iPhone модельдеріне алдын ала тапсырысты қыркүйек айынан бастап беруге болады. 

Осылайша, жаңа Apple смартфондары қыркүйек-қазан айларында шығады деп күтіледі. Айта кетейік, жаңа iPhone OLED-экранмен, шыныдан жасалған корпусымен, сымсыз тоқ көзімен және қолданушының бет келбетін тани алатын 3D-камерамен ерекшеленеді.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Apple өкілдерінің осыдан он жыл бұрын шыққан смартфонның ең бірінші моделінің дизайнын қайтармақшы екені айтылған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама