ПОДЕЛИТЬСЯ
29 наурыз 2019 | 16:25
iPhone XI смартфонының дизайны көрсетілді
Желіде iPhone смартфонының жаңа моделінің суреті жарияланды, - деп жазады Lenta.ru. Кейбір дереккөздерге сүйенсек, жаңа модель iPhone XI деп аталады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде iPhone смартфонының жаңа моделінің суреті жарияланды, - деп жазады Lenta.ru. Кейбір дереккөздерге сүйенсек, жаңа модель iPhone XI деп аталады.
Жарияланған суретте смартфонның пішіні iPhone X пен Xs-ке ұқсас болатыны байқалады. Басты ерекшелігі - онда үш модуль болады. Басылымның мәліметінше, жаңа гаджеттің камерасы Huawei P30 бен Samsung Galaxy S1 смартфондарының камерасына ұқсас болып келеді.
© Slashleaks.com
Сондай-ақ, iPhone XI моделінде жаңа функция пайда болатыны айтылады. Осылайша, смартфон Qi көмегімен басқа да аксессуарларды қуаттай алады. Сарапшылардың болжамына қарағанда, Apple өкілдері жаңа модельге iPad Pro-дағыдай USB-C жалғағышын орнатады.
Жаңа смартфон 2019 жылдың күзінде таныстырылады.
Мұның алдында иілетін iPhone смартфондарының сызбалары пайда болған еді.
Показать комментарии
Читайте также