1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Гаджеттер

Жаңа функциялар: WhatsApp-та не өзгереді?

WhatsApp мессенджері тобы ауқымды жаңартуды тарату басталғанын жариялады. Бірінші жаңа функция - сәуір айында жарияланған "Қауымдастықтар",

WhatsApp мессенджері тобы ауқымды жаңартуды тарату басталғанын жариялады. Бірінші жаңа функция - сәуір айында жарияланған "Қауымдастықтар", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мессенджер блогына сілтеме жасап.

"Қауымдастықтар" функциясы бірден көптеген топты біріктіруге мүмкіндік береді, топтардың мүшелері бір уақытта WhatsApp-та хат алмаса алады. Мысалы, мұндай функция жұмыста, оқу орындарында немесе бір аймақтағы әртүрлі үй тұрғындарының ортақ тобын құруға пайдалы.

Функция топтарды біріктіру арқылы қажетті ақпаратты іздеу үшін ондағы топ арасында ауысуға мүмкіндік береді, ал әкімшілер осы қауымдастықтың барлық мүшесіне маңызды жаңалықтарды жібере алады.

"Жаңа қауымдастық" батырмасы болады. Ол Android жүйесінде чаттар тізімінің үстінде немесе IOS жүйесінде оның астында орналасқан. Мұнда бірнеше топтарды қауымдастықтарға біріктіруге болады. WhatsApp қазір бұл функция әлемнің әртүрлі елінде біртіндеп іске қосылып жатқанын және алдағы бірнеше айда бұл функция барлық пайдаланушыларға қолжетімді болатынын хабарлады.

Сонымен қатар, әзірлеушілер мессенджердегі топтарға жаңа пайдалы функцияларды қосты. Енді чатта сауалнамалар құруға, 32 адамға дейін бейне қоңыраулар шалуға және 1024 пайдаланушыға дейін топтар құруға мүмкіндік бар. Бұл функциялардың бәрін кез келген топта пайдалануға болады (эмодзилермен реакциялар, файлдарды бөлісу және әкімшінің хабарламаларды жою мүмкіндігі), бірақ олар қауымдастықтар үшін пайдалы болады.

Мессенджер блогы алда тағы бірнеше функцияны іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!