14 қаңтар 2018 | 14:37

Желіде жаңа iPhone SE смартфонының суреті пайда болды

© ntv.com.tr

Желіде жаңа iPhone SE суреті пайда болды, - деп хабарлайды life.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде жаңа iPhone SE суреті пайда болды, - деп хабарлайды life.ru.

Порталдың мәліметтері бойынша, алдын ала болжанғандай смартфонның артқы жағындағы панель шыны және камерасының жарқылдағы жарықдиодты болады.

Реклама
Реклама

"Желіде инсайдерлер Apple компаниясының ең бюджетті iPhone SE смартфонының суретін жариялады, ол биыл маусымда шығуы тиіс", - делінген жарияланымда.

Суреттен девайстың iPhone X флагманы сияқты артқы панелінің шыны болатыны аңғарылады. Айта кету керек, панельдің шыныдан жасалуы тек дизайнерлік шешім емес, ол сымсыз қуаттандыруға көмектеседі.

Сонымен қатар, SE 2 смартфонында 2016 жылғы флагмандағыдай A10 Fusion процессор, екі гигабайт кіріктірме жады және төменгі жақта орналасқан 12-мегапиксельдік, жарқылдағы жарықдиодты жалғыз камерасы болады.

Порталдың хабарлауынша, жаңа смартфонның бағасы 500 доллардан жоғары болмайды. Apple компаниясының бұл жаңа өнімінің жарыққа шығатын кезі жайлы айтатын болсақ, ол биыл маусымда өтетін Apple (WWDC) платформасында өнім әзірлеушілерге арналған бүкіл әлемдік конференцияда таныстырылуы тиіс.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная