ПОДЕЛИТЬСЯ
23 сәуір 2020 | 18:01
Карантин кезінде қандай гаджеттерді қолданған қауіпті?
Карантин кезінде гаджеттерді шамадан тыс қолданған жағдайда көру қабілеті нашарлауы мүмкін. Бұл туралы Ростов облысының денсаулық сақтау министрлігінің балалар офтальмологы Александр Ушников "Российская газета" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Дәрігердің сөзінше, карантин кезінде адамдар теледидар, компьютер және смартфонды көп қолданатын көрінеді.
"Егер мұндай әрекетке ойланбай және жиі қайталайтын болса, көру қабілеті нашарлауы мүмкін", - деді дәрігер.
Александр Ушников ең қауіпті құрылғы гаджеттер екенін, ал екінші орында смартфондар екенін айтты.
"Көптеген ана карантин кезінде балалары кедергі жасамауы үшін қолына смартфон ұстатып, мультфильм қосып береді", - дейді Ушников. Оның сөзінше, бұлай жасаған мүлде дұрыс емес.
Дәрігердің айтуынша, ноутбук пен компьютердің қаупі төменірек. Алайда оларды да көп қолданған дұрыс емес. Александр Ушников ересектер компьютерді күніне 5-6 рет қана қолданған дұрыс екенін ескертті.
Сондай-ақ, маман адам экранға қарап отырған кезде көзі аз қимылдайтынын айтады. Сондықтан экран алдында отырған кезде көзге арналған жаттығулар жасау маңызды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также