11 қараша 2020 | 09:54

Өз процессоры бар MacBook. Apple жаңа өнімін таныстырды

Фото: wi-fi.ru

Apple алғаш рет Apple Silicon процессоры негізінде жасалған Mac компьютерлерін көрсетті. Компания басшысы Тим Кук жаңа MacBook-ті тікелей эфирде таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Apple алғаш рет Apple Silicon процессоры негізінде жасалған Mac компьютерлерін көрсетті. Компания басшысы Тим Кук жаңа MacBook-ті тікелей эфирде таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Apple компаниясы өзі жасаған M1 процессорын "жаңа дәуір" деп атады. 8 ядросы бар чипсет 5 нанометрлік технология процесі бойынша жасалған (A14 Bionic сияқты).

Реклама
Реклама

Компания мәліметінше, платформаның қуат тұтынуы басқа өнімдерге қарағанда әлдеқайда төмен болады. Мысалы, MacBook Air 16 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Mac-та қолданылатын графикалық үдеткіш 8 ядролық болды.

Жаңа MacBook-тың тұсаукесер рәсімінде оның басқа өнімдермен бәсекеге түсе алатыны айтылды.

Жаңа платформадағы алғашқы компьютерлер 13 дюйм MacBook Air және MacBook Pro ноутбуктері, сондай-ақ Mac mini болады. 

Жаңа Macs Rosetta арқасында x86 архитектурасына жазылған қосымшалар іске қосылады.

Сонымен қатар, Big Sur деп аталатын Mac OS-тің ауқымды жаңартуы шықты. Қолданыстағы модельдерді жаңарту 12 қарашада басталады.

Америкалық тұтынушылар үшін нарықтағы жаңа өнімдердің құны белгілі болды. MacBook Air 999 доллардан (426 мың теңге), Mac mini - 699 доллардан (шамамен 298 мың теңге), MacBook Pro - 1299 доллардан (шамамен 554 мың теңге) сатылады. Жаңа компьютерлер келесі аптада сатылымға шығарылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная