Петропавл көшелерінде ұялы телефон қуаттайтын және Wi-Fi тарататын орындықтар пайда болды

Петропавл к?шелеріне smart орынды?тар ?ойылып жатыр, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Петропавл көшелеріне smart орындықтар қойылып жатыр, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, енді тұрғындар ұялы телефондарын көшеде сымсыз қуаттай алады.

"Бұл - "Ақылды қала" бағдарламасының аясында жүзеге асқан жобалардың бірі. Цифрлық ноу-хау адамдар көп жүретін басты және орталық алаңдарға қойылған. "Ерекше" орындықтар емен ағашынан жасалған. Сондықтан, жауын-шашын мен аптап ыстықта бүлінбейді", - деп хабарлады тілші.

Реклама
Реклама

Тағы бір артықшылығы - орындықтар күн сәулесінен қуат алады. 

"Қаланың орталық алаңдарында төрт smart орындық орнатылды. Олар тегін Wi-Fi да таратады. Енді тұрғындар көшеде серуендеп қана қоймай, ұялы телефондарын қуаттай алады", - деді қалалық әкімдік бөлімінің бас маманы Асхат Рамазанов.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама