Қытайлықтар жалған iPhone 8 смартфонын жаппай сатып алып жатыр

© appleinsider.com

iPhone 8 ресми т?рде ?азан айынан бастап сатылым?а шы?ады. Алайда ?ытай д?кендерінде осыдан бірнеше к?н б?рын телефонны? жал?ан н?с?алары пайда бол?ан. Сатып алушылар к?птен к?ткен гаджеттерін жаппай сатып алып жатыр, - деп жазады AKKet.com.

iPhone 8 ресми түрде қазан айынан бастап сатылымға шығады. Алайда Қытай дүкендерінде осыдан бірнеше күн бұрын телефонның жалған нұсқалары пайда болған. Сатып алушылар көптен күткен гаджеттерін жаппай сатып алып жатыр, - деп жазады AKKet.com.

Сондай-ақ, осыған дейін Желіде iPhone 8 смартфонының таныстырылымы түсірілген видеоролик пайда болған еді. Бастапқыда қолданушылар оны Apple компаниясының нағыз өнімі деп санаған, алайда журналистер ол смартфондардың жалған нұсқа екенін анықтады.

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, қытайлық кәсіпкерлер өз беттерінше iPhone 8 смартфонын сатылымға шығарып, оларға Apple логотипін түсірген. Қытайда сатылып жатқан  iPhone 8 смартфоны Android операциялық жүйесімен жұмыс істейді екен. Гаджеттердің басқа да техникалық ерекшеліктері жайлы мәлімет жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама