26 наурыз 2014 10:21

Ресейлік шенеуніктер енді Microsoft жүйесінен бас тартпақ

Фото ferra.ru

Ресейдегі мемлекеттік және бірқатар ведомство қызметкерлері АҚШ-тың арнайы қызметінің әрекетіне байланысты алдағы уақытта америкалық Microsoft қызметінен бас тартпақ ниетте. Бұл пікірді Ресейдің байланыс министрі Николай Никифоров айтты, деп жазады "Российская газета" "Америкалық "күш құрылым өкілдері" АҚШ-та шығарылған құрылғылар мен қамтамасыз ету бағдарламасын қолдануға кедергі келтіре бергендіктен Ресейдегі мемлекеттік қызметтегілер мен мемлекеттік құрылымдарға жақын бірқатар ведомстволар Microsoft қызметінен бас тартатын болады", - деп министр өзінің Instagram парақшасына жазған екен. Министрдің бұл пікірі америкалық Wall Street Journal басылымына бағытталып отырғандай. Оған себеп, наурыздың 24-і күні бұл басылым "АҚШ Ресейге қатысты ауқымды ақпараттық зерттеу жұмыстарын бастады" деп жазған болатын. Ол мақалада сондай-ақ америкалық арнайы қызметтердің өкілдері спутниктік құрылғылар арқылы Ресей, Украина мен Балтық елдері аумағында қызметте жүрген ресейлік әскерилерді аңдуды күшейтпек деп те жазылған. Сарапшылар ресейлік министрдің бұл пікірінің жүзеге асатынына күмәнмен қарайды. Себебі, Ресейді айтпағанда бүкіл әлем халқы негізінен АҚШ-та шығарылған гаджеттер мен қамтамасыз ету бағдарламалардың қызметін пайдаланады. Атап айтқанда, зор сұранысқа ие iPhone смартфоны мен Microsoft, Android секілді операциялық жүйеге балама бола алатындай жобалар әзірге әлемде жоқ.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram