Samsung компаниясы Galaxy Note 7 өндірісін тоқтатты

Samsung компаниясы Galaxy Note 7 өндірісін тоқтатты © cnet.com

О?т?стіккореялы? Samsung Electronics компаниясы осы?ан дейін Galaxy Note 7 смартфондарыны? ?здігінен жарылып кетуі жайлы тара?ан хабарламалар?а байланысты смартфондарды уа?ытша шы?армайтын болды, - деп хабарлайды Рёнхап агенттігі жасырын дерекк?зге сілтеме жасап. 

Оңтүстіккореялық Samsung Electronics компаниясы осыған дейін Galaxy Note 7 смартфондарының өздігінен жарылып кетуі жайлы тараған хабарламаларға байланысты смартфондарды уақытша шығармайтын болды, - деп хабарлайды Рёнхап агенттігі жасырын дереккөзге сілтеме жасап. 

Жасырын дереккөздің мәліметінше, бір зауытта ғана Galaxy Note 7 смартфондарын шығару тоқтатылды. "Samsung Electronics компанияларының ішінде халықаралық тауар жеткізілімен айналысатын Вьетнамдағы Samsung өз жұмысын тоқтатады", - деп келтіреді сөзін басылым.

Айта кетейік, Note 7 смартфондары 19 тамызда Оңтүстік Кореяда, ал қыркүйек айының басында 2,5 миллион Galaxy Note 7 смартфондарының жарылу қаупі жайлы хабарламалар таралған болатын. Әсіресе, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда және Тайвань елдерінде. Сонымен қатар, Америкада AT&T және T-Mobile US ұялы байланыс операторларының Note 7 смартфондарын сатылымға шығаруды тоқтатқаны айтылады.

Реклама
Реклама

Осыған дейін "Эйр Астана" өкілдері неліктен Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салғанын түсіндірген болатын. Сондай-ақ, Qazaq Air өкілдері де Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салған еді. "Samsung Electronics компаниясының Samsung Galaxy Note 7 смартфондарына қатысты ресми хабарламасының негізінде, сондай-ақ, Әуе көлігі халықаралық қауымдастығы (IATA) мен ҚР Азаматтық авиация өкілдерінің хабарламасына сәйкес, Qazaq Air жолаушылардан Samsung Galaxy Note 7 телефонын қосудан, қуаттаудан, сондай-ақ осы телефонды жүкке тапсырудан бас тартуды сұрайды." - деген еді әуе компанияның өкілдері. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама