Samsung жаңа Galaxy S8 cмартфонын таныстырды

© REUTERS

Samsung жа?а Galaxy S8 бен Galaxy S8+ смартфондарын таныстырды. Б?л туралы компанияны? сайтында жазыл?ан. 

Samsung жаңа Galaxy S8 бен Galaxy S8+ смартфондарын таныстырды. Бұл туралы компанияның сайтында жазылған. 

Жаңа смартфондардың ерекшелігі - олардың дисплейінің жақтауы жоқ. S8 телефонының экранының диагоналі 5,8 дюйм болса, S8 Plus смартфонының диагоналі - 6,2 дюйм. Сондай-ақ, екеуінің экранының шеттері иілген болып келеді.

Компанияның сайтындағы мәліметтерге қарағанда, енді бұл смартфондардың панелінде навигациялық клавиштер болмайды, олар тек шынының астында тұрады екен. Ал саусақ іздерінің сканері смартфонның артқы қақпағына ауыстырылған. Сонымен қатар, жаңа гаджеттерде көздің сыртқы қабығының сканері мен адамды оның беті арқылы танитын функцияның болатыны айтылады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, смартфондарда сегіз ядролық процессор орнатылған және камералардың мегапикселі бұрынғыдай 12 мегапиксель болып қалған.

Samsung компаниясындағылардың айтуынша, S 8 смартфонының аккумуляторының сыйымдылығы - 3000 мАч, ал Plus нұсқасының сыйымдылығы - 3500 мАч. Сондай-ақ, смартфондардың сымсыз қуат алатыны және IP68 стандарты бойынша су мен шаңнан қорғалғаны айтылады. Және де тұңғыш рет Galaxy S8 смартфонында Bixby дыбыс көмекшісі орнатылған екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама