ПОДЕЛИТЬСЯ
07 наурыз 2021 | 11:00
Сарапшы смартфондағы "қауіпті" қосымша туралы айтты
Киберқауіпсіздік бойынша америкалық сарапшы Зак Доффман Forbes журналына берген сұхбатында Android қолданушыларына "қауіпті" қосымшаны өшіріп тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме SuperVPN қосымшасы туралы (тегін нұсқасы да, ақылы қосымшасы да). Оны дүние жүзінде 100 миллион қолданушы жүктеген. Қосымшада шынайы IP-мекенжай ауыстырылып, кейбір елде тыйым салынған сайттарға кіруге мүмкіндік беріледі.
Доффманның сөзінше, құпиялық және қауіпсіздік уәде етілген қосымша керісінше жұмыс істейді. Сарапшы SuperVPN-ді зиян шпиондық бағдарламалық жасақтаманы жасырғаны және деректердің тарап кеткені үшін айыптады.
Сарапшы CyberNews тобының ақпан айындағы зерттеуіне сілтеме жасап, хакерлік форумдарда кемінде үш мәлімет базасын сату әрекеті болғанын айтады. Оның барлығы SuperVPN қосымшасын жүктеген.
CyberNews Google Play-де сол бағдарламаға ұқсас алты қосымша барын ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также