26 ақпан 2021 | 14:04

Сарапшы "таныс нөмірден" қоңырау шалатын алаяқтар туралы ескертті

Фото: pixabay.com

Ресей технологиялық университеті сапаны басқару және сертификаттау кафедрасының меңгерушісі Максим Назаренко телефон нөмірін ауыстыратын алаяқтық әдіс пайда болғанын ескертті, - деп хабарлайды Gazeta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей технологиялық университеті сапаны басқару және сертификаттау кафедрасының меңгерушісі Максим Назаренко телефон нөмірін ауыстыратын алаяқтық әдіс пайда болғанын ескертті, - деп хабарлайды Gazeta.ru.

Маманның айтуынша, адамдар анасы немесе жақын досы қоңырау шалғанын көрсе, қоңырауға жауап беру мүмкіндігі көбірек болады.

Ол көп адам бейтаныс нөмірді көрсе, қоңырауға жауап бермейтінін айтты. Алаяқтар құрбанын таңдап оған таныс адам нөмірінен қоңырау шалады. Осы арқылы қоңырауға жауап алу мүмкіндігі арта түседі.

Реклама
Реклама

Портал нөмірді ауыстыру техникалық тұрғыдан қиын еместігін жазды. Қазіргі уақытта интернет арқылы нөмірді жасыруға мүмкіндік беретін қызметтер мен бағдарламаларды интернеттен оңай табуға болады. Сондай-ақ, бөтен адамның байланыстар тізіміне де кіруге болады, егер иесі рұқсат берсе.

"Қоңырау шалудың түрлі тәсілін ұсынатын бірнеше қосымша бар. Сіз екінші абонент телефон кітапшасына қалай жазылғаныңызды да көре аласыз. Ол үшін тек қосымшаға тіркеліп, контактілерге кіру құқығын берсеңіз болды", - деді сарапшы "Прайм" агенттігіне.

Алаяқтар осындай қосымша арқылы таныстарыңыз қалай сақталып тұрғанын біліп, нөмірді ауыстыруға мүмкіндік алады.

Назаренко телефон алаяқтығы қауіпін ескертіп, оларды азайтуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная