Сауд Арабиясы хадис тыңдауға арналған телефон қолданбасын шығарды

Сауд Арабиясы хадис тыңдауға арналған телефон қолданбасын шығарды Фото muftyat.kz сайтынан алынды

Мұсылмандар хадистерді енді смартфондарының көмегімен тыңдай алатын болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Islam-today порталына сілтеме жасап. Эр-Рияд қаласындағы Тhe Cooperative Dawa Office орталығы арнайы телефон қолданбасын шығарды.

Жоба жетекшісі Фалех бен Мұхаммет әл-Сағхирдің айтуынша, жаңа қолданбаға екі кітаптан алынған хидистер енгізілген. Оның көмегімен хадистерді тыңдауға және басқа да адамдармен бөлісуге болады. Одан бөлек, ең маңызды хадистердің тізімі де бар.

Айта кетейік, бұл жаңа қолданба Android негізінде жұмыс істейтін құрылғыларға ғана арналған.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама