18 наурыз 2021 | 12:48

Смартфон бала психикасына қалай әсер етеді? Сарапшылар жауап берді

Фото: elements.envato.com

Психологтар смартфон, теледидар немесе планшетпен уақыт өткізу балаға қалай әсер ететінін айтты. Сарапшылар бес жасқа дейінгі балалардың күніне бір сағаттан артық түрлі бағдарлама көруі олардың эмоциясы мен мінез-құлқын бұзатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DailyMail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Психологтар смартфон, теледидар немесе планшетпен уақыт өткізу балаға қалай әсер ететінін айтты. Сарапшылар бес жасқа дейінгі балалардың күніне бір сағаттан артық түрлі бағдарлама көруі олардың эмоциясы мен мінез-құлқын бұзатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DailyMail басылымына сілтеме жасап.

Зерттеуді Хельсинкидегі Фин Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру институтының әлеуметтанушысы Джанет Нииранен және оның әріптестері жүргізді. Өз жұмысында мамандар CHILD-SLEEP зерттеуі жинаған деректерді талдаған. 18 айдан бес жасқа дейінгі 699 баланың ата-анасынан балалары гаджеттерді, соның ішінде теледидар мен компьютер ойындарын пайдаланып қанша уақыт өткізетінін бақылап, сауалнама жүргізу ұсынған.

18 айынан бастап балалар электрон құрылғылармен күніне орта есеппен 32 минут уақытын өткізетіні анықталды. Бес жасына дейін гаджеттерді қолдану уақыты күніне 114 минутқа дейін өскен.

Реклама
Реклама

Бес жасында балалардың 67 пайызы күніне бір сағаттан аса уақыт теледидар көруге жұмсаса, әрбір оныншы бала компьютерлік ойындармен уақыт өткізеді.

Балалардың мінез-құлық көрсеткіштерін зерттей отырып, сарапшылар 1,5 жастан бастап гаджеттерді ұзақ уақыт пайдаланған балалардың 59 пайызында бес жасқа келген кезінде құрдастарымен қарым-қатынас күрделенетінін анықтады.

Гаджеттермен күніне бір сағаттан артық уақыт өткізген бес жасар балаларда тынышсыздық, жылдам әрекет, көңіл-күйдің құбылуы жиі байқалады.

Баланың мінез-құлқындағы проблемаларды болдырмау үшін мамандар мектеп жасына дейінгі балалар ата-анасына баланың теледидар көруіне және гаджетті күніне 60 минуттан артық пайдалануына рұқсат бермеуді ұсынды. Баланың таза ауада серуендеп, басқа балалармен қарым-қатынас орнатып, ойынға көңіл аударуын қадағалау керек.

Айта кетейік, бұған дейін Оксфордтың ғалымдары зерттеу жүргізіп, пандемя кезінде 4 пен 10 жас аралығындағы балалар арасында көңіл-күйдің тұрақсыздығы байқалады деген қорытындыға келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная