01 қазан 2020 09:09

Telegram-да жаңа функция пайда болды

Фото: © РИА Новости

Telegram мессенджері каналдарда пікір жазуға болатын функцияны іске қосты. Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің Telegram каналында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бүгін біз каналдарға пікір жазу функциясын қосамыз. Telegram жаңартылғаннан кейін сіз кейбір каналда пікір қалдыра аласыз, оның ішінде осы канал да бар", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Дуров пікір жазу топтық чат сияқты болатынын атап өтті. Яғни барлық пікір белгілі бір каналға қосылады.

Сондай-ақ, ол пікір жазушылар дауыс хабарламасын немесе GIF-терді қалдыра алатынын, ал канал әкімшілері тиісті шектеулерді енгізе алатынын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram