18 қаңтар 2020 11:46

WhatsApp жарнамадан бас тартты

Камила Долаева Журналист

Facebook Whatsapp танымал мессенджерінде жарнама орналастыру жоспарларынан бас тартты. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды, - деп хабарлайды "Вести.Экономика".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook Whatsapp танымал мессенджерінде жарнама орналастыру жоспарларынан бас тартты. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды, - деп хабарлайды "Вести.Экономика".

Дереккөздердің мәліметінше, компания мессенджерге жарнама енгізумен айналысатын команданы таратып жіберген. Бұл топ жарнаманы "статус" бөліміне енгізуі керек еді, бұл Instagram-дағы "историяның" аналогы. Команда жұмысының нәтижелері WhatsApp кодынан жойылды.

Реклама
Реклама

Басылым жақын уақытта Facebook бизнес қолдаланушыларға арналған функциялар құруға көңіл бөлуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Еске салсақ, Facebook WhatsApp-ты 2014 жылы сатып алған. Мессенджер мұның алдында ақылы түрде жұмыс істеген: қолдаланушылар жылына 0,99 доллар төлеуге тиіс еді. Ал Facebook бұл төлемді алып тастады.

Марк Цукерберг мессенджерге жарнама енгізу жоспары жоқ екенін мәлімдеді. Алайда кейін WhatsApp-тан сервистің негізін қалаушылар Брайан Эктон мен Ян Кум шығып кетті. Оған себеп болған - Facebook басшыларымен келіспеушілік. Ян Кум Facebook-тың WhatsApp-қа қолданатын саясатын жақтамады - олардың қатарында мессенджерге жарнамаға біріктіру, жарнама берушілер үшін қолдаланушылардың жеке деректерін пайдалану және WhatsApp қолдаланушы контентін шифрлауды әлсірету әрекеті бар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram