1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Гаджеттер

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

WhatsApp мессенджерінде суреттерді өздігінен жоятын функция пайда болады, - деп хабарлайды WABetaInfo. 

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

WhatsApp мессенджерінде суреттерді өздігінен жоятын функция пайда болады, - деп хабарлайды WABetaInfo

Жүйеде суретті алдын ала қарау фунциясы мәтін жазатын жердің жанында пайда болады. Оны басқаннан кейін WhatsApp қолданушысы чаттан шыққаннан кейін автоматты түрде өшіп кететін суретті бөлісе алады. Мұндай сурет жіберілген адамға фото жойылғаны туралы хабарлама келеді.

Мессенджер осындай фотосуретті сақтауға немесе жіберуге тыйым салатын жаңа мүмкіндік Android Және iOS үшін WhatsApp қосымшасының ең соңғы жаңартуларының бірінде пайда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!