WhatsApp-та стикер жасауға мүмкіндік беретін функция пайда болады

Фото: gizmochina

WhatsApp мессенджерінде стикер жасауға мүмкіндік беретін функция пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gizmochina.com сайтына сілтеме жасап. 

WhatsApp мессенджерінде стикер жасауға мүмкіндік беретін функция пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gizmochina.com сайтына сілтеме жасап. 

Бұл функция бета-нұсқалардың бірінде қол жетімді. Стикерді пайдаланушының галереясында бар суреттерден жасауға болады. 

Стикерді өңдеуге де мүмкіндік бар: суретті кесуге, мәтін немесе эмодзи қоюға, сонымен қатар, үстіне басқа стикер қосуға болады. Жаңадан жасалған белгішелер стикер бөліміне түседі. Бұл функция алдымен Android қолданушыларына, ал кейінірек iPhone-ға шығады.

Реклама
Реклама

Sticker Maker арнайы функциясы қазіргі уақытта тек WhatsApp Web-те қол жетімді, бірақ ол жақын арада қосымшада пайда болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама