Зағиптардың телефонына арналған бағдарлама шығарылды

08 Мамыр 2014, 18:05
0
Зағиптардың телефонына арналған бағдарлама шығарылды - ©Gizmonews.ru
©Gizmonews.ru

Германияда зағиптарға арналған мобильді қосымша жасалды, - деп хабарлайды "Научная Россия" порталы. Ұялы телефонға арналған қосымша бағдарлама жүріп келе жатқан адамға бағыт сілтеп, жолдан тайған жағдайда немесе кедергі кезіккен кезде дыбыс шығарып отырады.

Қосымша мейлінше ұзақ әрі анағұрлым қауіпсіз жолды таңдайды. Зост қаласында жасалған жобаның құны - 2 млн евро. Оның авторы - инженер-геодезист Йорг Петерске зағип адаммен әңгімелескеннен кейін арнайы навигатор жасап шығару идеясы келген. 

Петерстің айтуынша, ол зағиптар жүретін бағыттарды сантиметрлік дәлдікке дейін есептеп шығарып қана қоймай, оларды туристік ортаға араластыруға жол ашқан. Мобильді қосымша дүкендер, медицина мекемелері, қоғамдық көлік аялдамалары, тарихи және сәулет ескерткіштері туралы мәліметтерді де бере алады. 

Бағдарламаның ескертпелері неміс актерлерінің даусымен дыбысталған. Бұл қосымшаның көзі көретін адамдарға, балалар мен шетелдіктерге (ағылшын, голланд тілдеріндегі) арналған нұсқалары да бар.

 

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай