Әлеуметтік желі қолданушылары iPhone X көмегімен жасалған жаңа оптикалық елесті талқылап жатыр. Ерекше эффект түсірілген видеоны Питер Норрби Twitter желісіндегі парақшасында жариялады, - деп жазады РИА Новости.
Жарияланған видеода смартфон экранының түпсіз жыраға айналғаны түсірілген.
Әлеуметтік желі қолданушылары суретте жыраның көлемді болып көрінуімен қоса, оның телефонды қалай ұстауына байланысты өзгеріп тұратынын айтады.